Оқу практикасы бойынша студенттер бiлiм мен дағдыға қойылатын талаптар төмендегiлерден тұрады: студенттер қазақ диалектологиясынан алған теориялық бiлiмдердi практика жағынан қаруландыру керек. Қазақ тiлi говорларында грамматикалық ерекшелiктер: морфологиялық ерекшелiктер және оның жасалу жолдары. Тума сөздердiң өзгерiске ұшырауы, олардың қай аймақта қалай екендiгi туралы мәлiмет топтау және оны лингвистикалық тұрғыдан теориялық және практикалық жақтан талдай алу және бiлу қажет. Лингвистиканың жалпы тiлдiк теориясы болып табылатын бұл пән - негiзгi теориялармен қаруландыру, ғылымның өткен тарихынан, қазiргi жайынан, алдағы проблемалардан мәлiмет бере отырып дағдыға ие болу керек. Зат, құбылыс атауларын бiлдiретiн сөздер, заттың сынын, сыр-сипатын бiлдiретiн сөздер, қимыл iс-әрекеттi бiлдiретiн сөздер, диалектiлiк сипаттағы сөздер, синонимдер мен лексика-фонетикалық дублеттер, омонимдер, көп мағыналы сөздер, диалектiлiк неологизмдер мен архаизмдер, қазақ говорларындағы кiрме сөздердi меңгертуде iскерлiкке ие болу керек.
1.3. Оқу практикасының оқу жоспарындағы басқа пәндермен әдiстемелiк байланысы Жергілікті тіл ерекшелігін танып үйренуге арналған бұл оқу практикасы әдеби тiл тарихымен, қазақ әдебиеті, тарих, этнография, археология, география және логика пәндерiмен байланыста қаралады.
Қазақ халық ауыз әдебиетінің басқа ғылымдармен байланысына тоқтағанда, әдебиеттiң дербестiгi барлығы, басқа ғылымдарға қосымша нәрсе еместiгi түсiндiрiледi. Қазақ халық ауыз әдебиеті көркем өнердiң салалары, әдебиет тарихы, этнография, археология, философия, тiл, психология, педагогика, музыка өнерi және т.б. ғылым салаларымен тығыз байланысты.
Диалектологиялық тәжірибені ұйымдастыру
Диалектологиялық тəжірибе ізденуші студент үшін белгіленген бір жергілікті елді мекенде, белгілі бір қалада, ауданда немесе оқу орнының өзінде, орталық кітапханаларда (арнайы жеке тапсырмалар негізінде ізденуші студент текстпен, түрлі мəтіндермен жұмыс жасаған жағдайда – кафедраларда, лабаратория, мұрағат, кітапхана сияқты т.б. жерлерде) жүзеге асырылады;
Диалектологиялық тəжірибенің өту уақытын, мерзімін оқу жоспарына сəйкес оқу бөлімі не факультеттің (кафедраның) өзі анықтайды; Тəжірибеге əдістемелік жəне бағдарламалық басшылық жасау үшін оқу тəжірибесін ұйымдастырушы, осы курс бойынша дəріс беруші маманданған оқытушы жетекшілікке бекітілуі тиіс;
Тəжірибе жетекшісі ізденуші студенттерге тəжірибенің мəнжайынан түсініктер беріп, оның өту барысы мен тəжірибе кезінде өздерін қалай ұстау керектігі т.б. жөнінде алғашқы жиын, семинарын ұйымдастырып, студенттерге диалектологиялық тəжірибе жөнінен толық мəліметтер береді;
Тəжірибенің жетекшісі оқу тəжірибе бағдарламасының жасалуына, оқу практикасының өтілу барысына, ізденуші студенттер үшін жеке тапсырмалар беріп, олардың тəжірибеге баратын жерлерін анықтап, оларға əдістемелік көмектер көрсетуі қажет;
Білім алушы студенттердің тəжірибеден өткеннен кейінгі оқу орнына беретін есеп түрін кафедра жəне тəжірибе жетекшісі анықтап, белгілейді;
Диалектологиялық тəжірибеден өткен ізденуші студентке қорытынды баға оның атқарған жұмыстарына байланысты, жинақтаған тілдік материалдары негізінде, студенттің теориялық-практикалық білімін ескеру негізінде қойылады; Диалектологиялық тəжірибеге себепсіз қатыспаған не тəжірибе тапсырмаларын талапқа сай орындамаған, тəжірибеден төмен баға (қанағаттанарлықсыз) алған студентке оқу орнының жарғысында қарастырылған шара қолданылады, не диалектолгиялық тəжірибені қайтадан өтіп, талапқа сай тапсырмаларды қайта орындауы қажет.