1.5 Мұнай, газ және судың қасиеті мен құрамы
Өзен кен орнының қабат сулары химиялық құрамы бойынша екі топқа
бөлінеді: бірінші топ - бор, екінші топ -юра шөгінділерінің сулары.
Бор шөгінділерінің сулары негізінен сульфат-натрийлік түрге жатады
және минералдылығы 10 г/л-ге дейін.
ХШ-ХХІП өнімді юра горизонттарының қабат сулары құрамы бойынша
біртекті хлоркальцийлік түрдегі, минералдылығы 130-170 г/л тұздықтар түрінде
көрінеді. Сулар сульфатсыз, бромның өнеркәсіптік кұрамы 500 мг/л, йод -20
мг/л және т.б. құнды компоненттер бар. Сулардың көлемдік газ факторы 0,5-
0,9 м
3
/м
3
-тен аспайды және тек мұнай мен газ кеніштері нұсқалары маңында,
сондай-ақ терең жатқан горизонттар суларында ол 1,0-1,2 м
3
/м
3
-қа жетеді.
Суда еріген газ құрамының 80-90%-і метан, 4-8%-і ауыр көмірсутектер,
3,2-13%-і азот, 0,5-7,3%-і көмірқышқыл газ. Көмірсутек газы жоқ.
Қабат суларының орташа тығыздығы 1081 (XIII горизонт) – 1105 кг/м
3
(XXIV горизонт), қалыпты жағдайларда барлық горизонттар үшін орташа 1098
кг/м
3
.
Қабат қысымы 11,4 мПа және температурасы 62°С-де минералдылығы
140 мг/л су үшін анықталған физикалық шамалар:
тұтқырлық - 0,6 мПа-с, көлемдік коэффициенті - 1,015, сығымдылық
коэффициенті – 3,2 Па
-1
Достарыңызбен бөлісу: |