Өзен кен орнында штангалы терең сорапты қондырғының



Pdf көрінісі
бет17/34
Дата09.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#33795
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34
Байланысты:
Өзен кен орнында ШТСҚ жұмыс тиімділігін арттфру - Baglan Tungushbaev

Неоген жүйесі (N) 

Неоген  шөгінділері  тортон  және  сармат  ярустарының  шөгінділері 

түрінде  кездеседі.  Тортон  ярусына  саздар,  мергелдер,  құмтастар  мен 

әктастар  қабатшалары  кіреді.  Сармат  ярусы  әктастар,  мергелдер  мен 

саздардың  астарласуынан  тұрады.  Неоген  жүйесінің  жалпы  қалыңдығы 

115м-ге жетеді. 



Төрттік жүйесі (Q) 

Төрттік жүйе эмовиаль-демовиаль текті құмдар, саздар, суглиноктармен 

көрінеді. Шөгінділер қалыңдыгы 5-7 м. 

 

 



 

Сурет – 1.2. Өзен кенорнының литология – стратиграфиялық қимасы 

 

 



22 

 

1.4  Тектоника 

 

Оңтүстік  Маңғыстау  ойыстары  жүйесінің  солтүстік  қанатына  жататын  



Жетібай-Өзен    тектоникалық    баспалдағының    шектерінде    қазіргі      уақытта  

біршама    құрылымдар    шоғырлары    айқындалған,    олармен    мұнай    және    газ  

кен    орындары    байланысты.    Олардың    қатарына    Өзен,    Жетібай,  

Қарамандыбас,    Теңге,    Тасболат,    Асар,    Оңтүстік  Жетібай,    Ақтас,    Шығыс  

Жетібай  кіреді.       

Солтүстігінде    Өзен    құрылымы    оңтүстік  –  шығыс    антиклиналь  

аймағымен  шектеседі,  олардың  арасында  жіңішке  Қызылсай  ойысы  жатыр,  

солтүстік    қанатта    жыныстардың    құлау    бұрышы    3?.  Жыныстардың    құлау  

бұрышы    5-6?    болатын    оңтүстік    бөліктің    қатпары    да    осындай    жіңішке  

ойыспен  Теңге  көтерілуінен  бөлінеді (1.3-сурет).  Ауданның  батыс  бөлігінде  

Өзен    қатпарының    периклиналі    үлкен      емес    белес    арқылы    Қарамандыбас  

құрылымымен    жалғасады.    Ауданның    шығыс    бөлігінде,    Түнқарақшы  

ойпатының    шығыс    шегінде    Өзен    көтерілуі    күрт    төмендейді.  (қосымша  А 

қараңыз). 

Өзен    кен    орны    ірі    брахиантиклиналь    қатпарына    жатады,    оның  

өлшемдері    9х39  км.    Қатпар    пішіні    симметриялы    емес.  Оның    күмбезі  

шығысқа  ығысқан,  соның  нәтижесінде  шығыс  периклиналь  қатты  созылған  

солтүстік-батыс    периклиналге    қарағанда    қысқа.    Оңтүстік    қанат    шамалы  

тіктеу.    Мұнда    XIV    горизонттың    жабыны    бойынша    құлау    бұрышы    6–8?.  

Қатпардың  солтүстік  бөлігі  біршама  жайпақтау.  Солтүстік  қанаттың  батыс  

жартысында    XII    горизонтың    жабыны    бойынша    құлау    бұрышы    1-  3

о

.  



Құрылымының    батыс    бөлігінде    мұнай    кеніштері    бар    күмбездер  

ерекшеленеді:  Солтүстік – батыс  және  Парсымұрын.                 

Өлшемдері  үлкен  емес  Парсымұрын  күмбезі  Өзен  құрылымының  

оңтүстік  қанатын  күрделіндіреді.  XVIII  горизонттың  жабыны  бойынша  

көтерілу  амплитудасы  30  метрге  жетеді,  және  соңғы  1300 м тұйық  изогипс  

бойынша  құрылым  өлшемдері  2.9-0.9 км.  Солтүстік-батыс  күмбез 

Өзен  құрылымының  солтүстік  қанатын  күрделілендіреді.  1300 м  

изогипс бойынша  көтерілу  өлшемдері  3.5-2 км,  амплитудасы  32 м. 

Қатпар  периклиналы    де    симетриялы    емес.    Солтүстік-батыс  

периклиналдің      оңтүстік    бөлігінен    басқа    жағы    төмендеген,    өте    жайпақ,  

қатты    созылған.    Өзен    қатпарының    периклиналдық    аяқталуы    мұнда    XIII  

горизонт    жабынында    1700  м    изогипспен    ерекшеленеді.   Келесі    изогипстер  

Өзен    және    Қарамандыбас    қатпарларын    58  скважина    ауданында    кішкене  

ойпат    арқылы    тұтас    көтерілімге    біріктіріледі.    Шығыс    периклиналь    ендік  

бағытта    созылған.    Мұнда    XIII    горизонттың    жабыны    бойынша    құлау  

бұрышы  3-4

о



Құрылым    өсінің    ундуляциясы    назар    аударады,    оның    нәтижесінде  



негізінен  құрылымның  ұзын  өсіне  тураланған  күмбез  тәріздес  көтерілулер  

қатары  белгіленеді.   Өзен  көтерілуінің  орталық  бөлігіне  Құмұрын  күмбезі  




23 

 

кірігеді,    онда    да    мұнай    кеніштері    бар.    XIV    горизонт    жабыны    бойынша  



күмбез  өлшемдері  10.8-4.5  км,  амплитудасы  105 м. 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет