Жоғарғы бөлім (J
3
)
Жоғарғы юра бөлімінде негізінен теңіз шөгінділері мен жануарлар
қалдықтары түрінде кездесетін келловей, оксфорд және кембридж ярустары
ерекшеленеді.
Келловей ярусы (J
3
k)
Құмтастар, алевролиттер мен кейде әктастар қабатшалары араласқан
сазды қалың қабаттар түрінде кездеседі. Келловей ярусының саздары сұр,
қарасұр, күлдей сұр, кейде жасыл және қоңыр түсті.
Құмтастар мен алевролиттердің түсі сұр, жасыл-сұр, кейде қарaсұр және
қоңыр. Құмтастар арасында ұсақ түйіршіктілері көп. Келловей ярусында XIV
горизонттың жоғарғы бөлігі мен XIII горизонт орналасқан. Оның қалыңдығы
50-135 м.
Бор жүйесі (К)
Бор жүйесінің шөгінділері жоғарғы юра шөгінділерінің шайылған бетінде
орналасады және төменгі, жоғарғы бөлімдері мен барлық ярустарымен орын
алған. Литологиялық және генетикалық белгілері бойынша бор шөгінділері үш
бөлікке бөлінеді: төменгі терриген-карбонаттық, ортаңғы терриген (альб,
сеноман) және жоғарғы карбонат (турондат) ярусттары. Төменгі бөлікке XII
горизонт, ал ортаңғы және жоғарғы бөліктерге I, II, ІІІ, ІV, V, VI, VII, VIII, IX,
X және XI газды горизонттар жатады. Бор шөгінділерінің қалыңдығы 1100м
шамасында. Бор шөгінділерінің өнімді қалыңдығы алевролит және саз
қабаттары мен будақтарының біртекті астарласуы ретінде көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |