10
АҢДАТПА
Дипломдық жоба негiзгi алты бөлiмнен тұрады:
Геологиялық бөлім;
Мұнай және газ өндірудің техникасы және технологиясы;
Арнайы бөлім;
Экономикалық бөлім;
Еңбектi қорғау бөлімі;
Қоршаған ортаны қорғау бөлімі.
Геологиялық бөлімде Өзен кен орнының геологиялық зерттелгенi,
мұнайгаздылығы, өнімді объектілердің қалыңдығының, коллекторлық
қасиеттерінің сипаттамасы және олардың біртексіздігі, кен орнының орналасу
орны, стратиграфиясы, тектоникасы, мұнай және газ геологиялық және қалдық
қорының анализы келтірілген.
Кен орындарының игерудің жүйесі бөлімінде игерудің технологиялық
көрсеткіштері, игерудiң қазiргi жағдайының талдауы, игеріліп жатқан қабатты
және ұңғының пайдалану жағдайы мен оның жабдықтарын бақылау, игеру
кешенің таңдау, кен орындарын игерудің режимі, көмірсутектердің қабатқа
әсер ету әдістері көрсетілген.
Мұнай және газ өндірудің техникасы және технологиясы бөлімінде ұңғы
фонды сипатталады, жинау және дайындау жүйесінің жағдайының талдауы,
сонымен штангалы тереңдік сорап қондырғысымен жабдықталған ұңғылардың
жұмысын талдау, мұнай және газдың технологиясы, ұнғымаларды пайдалану
түрлерінің көрсеткіштерінің міңездемесі, ұнғымаларды пайдалану кезіндегі
қиындықтармен күресу және оны алдын-алу жөніндегі салтанатты іс-шаралары
берілген.
Арнайы бөлімде Өзен кен орнында штангалы терең сорапты
қондырғымен жабдықталған ұнғының жұмысына газдың әсерін талдау және
олармен күресу үшін жабтарды таңдау қарастырылған.
Экономикалық бөлiмiнде негізгі экономикалық көрсеткіштер мен
жылдық экономикалық тиімділіктің есебі берілген.
Еңбектi қорғау және қоршаған ортаны қорғау бөлiмдерiнде Өзен кен
орнындағы жұмыскерлердiң және қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз
ететiн шаралар қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: