15
1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Өзен кен орны жайлы жалпы мәліметтер
Өзен кен орны Маңғыстау түбегінің геологиялық әдебиеттерде
Оңтүстік Маңғыстау ойысы деп аталатын оңтүстік шөл дала бөлігінде
орналасқан.
Әкімшілік жағынан кен орны территориясы Маңғыстау облысы
құрамына кіреді. Ең жақын елді мекен Жаңаөзен қаласы, ол кен орнынан
оңтүстікке қарай 8 – 15 км – де орналасқан. Батысында 80 км – Жетібай
қаласы, ал 150 км – Ақтау қаласы (1.1-сурет).
Орографиялық жағынан Оңтүстік Маңғыстау ауданы теңіз жаққа,
оңтүстік-батысқа қарай сәл көлбеуленген, төмпешікті үстірт түрінде, оның
абсолютті белгілері солтүстігінде +260 м және оңтүстігінде +24 м.
Ауданның орталық және оңтүстік бөлігінде үлкен ойпаттар бар, олардың
ішіндегі ең ірісі минималды абсолюттік белгісі – 132м "Қарагие" ойпаты.
Аудан рельефі өте күрделі құрылысымен сипатталады. Орталық
бөлігін Өзен және Түнқарақшы ойпаттарының ортасында жатқан үстірт
алады. Үстірттің абсолюттік белгілері солтүстігінде +260 м және
оңтүстігінде +200 м. Батысы мен солтүстік-батысында кен орнының аумағы
шегінде үстірт Өзен ойпаты жағынан қарай кемерлер түрінде күрт үзіледі.
Өзен ойпаты 500 км2 ауданды алады. Ойпаттың түбі жыралармен
кескіленген. Минималды абсолюттік белгісі +31 м.
Қарастырылып отырған аудан топырағы мен өсімдіктерінің сипатына
қарай шөлді аймаққа жатады. Ауданның шөл далалары негізінен су көзі
жетіспеушілігінен және өсімдік жабынының маусымдылығынан
пайдаланылмайды. Аудан климаты күрт континенталды, шөлейтті,
тәуліктік температураның күрт өзгеретіндігімен, ыстық, құрғақ жазымен
және салыстырмалы суық қысымен сипатталады. Жазда максималды
температура +45 С, минималды температура қыста -30 С.
Ауданда күшті желдер соғады. Қыста қар аз. Атмосфералық жауын-
шашын сирек және негізінен көктем-күз мезгіліне келеді.
Атмосфералық жауын- шашынның орташа жылдық мөлшері 100 мм
шамасында, және қардан жаңбыр көп жауады.
Жаңаөзен қаласына ауыз су Сауысқан-Бостанқұм массивтеріне
бұрғыланған геологиялық скважиналардан 70 км суөткізгіш құбырлармен
тасымалданады. Техникалық сумен қамтамасыз ету альб-сеноман
горизонттарының жер асты сулары арқылы іске асырылады.
Ауданның елді мекендерін тас жол байланыстырады. Облыстың
аудан орталықтарын байланыстыратын темір жол бар.
16
Кен орнында өндірілген мұнай Атырау қаласына және одан ары
Ресейге жөнелтіледі. Өндірілген мұнай ілеспе газы және табиғи газ Қазақ
газ өңдеу зауытына, және сондай-ақ Ақтау қаласының пластмасса
зауытына, Mаңғыстау энерго комбинатына (МАЭК) тасымалданады.
Масштаб 1 : 3 000 000
Достарыңызбен бөлісу: