Өзен кен орнында штангалы терең сорапты қондырғының



Pdf көрінісі
бет8/34
Дата09.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#33795
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34
 

 

 


14 

 

 



 

КІРІСПЕ 

 

 



 Қазақстан    Республикасы    үшін    ең    басты    экономикалық    мәселе  

материалдық  –  техникалық    базаны    жасаудың    маңызды    бөлігі    ауыр  

индустрияға    тиесілі,    және    оның    ішінде    алдымен    энергетика,    қара  

металлургия,    мұнай,    газ,    химия    және  мұнайхимия    өнеркәсіптері,    машина  

жасау. 

Қазіргі    кезде    материалдық   өндірістің   бірде  –  бір   саласы   мұнай   мен  

газ  өнеркәсібінің  өнімін  пайдаланбай  дами  алмайды   

Өндіру    тиімділігін    жоғарлатуға      рационалды    игеру    жүйелерін  

қолдану,    бұрғылау    жұмыстарының    технологиясын    жетілдіру,    олардың  

техникалық    жабдықталуын    жақсарту,    қабаттар    мұнай    бергіштігін  

арттырудың    қазіргі    жаңа    әдістерін    кеңінен    еңгізу    және    прогрессивтік  

технологиялық  процестерді  пайдалану  арқылы  қол  жеткізуге   болады. 

Бұл  дипломдық  жобада  Қазақстан  республикасының  Манғыстау 

облысында  Өзен  мұнай-газ кен орны қарастырылған. 

Өзен  кенорны  1961  жылы  ашылды.  1964  жылы  игеріліп  басталды. 

Мұнайдың бастапқы геологиялық қорлары 1млрд. тоннаға бағаланды.  

Өзен  мұнайы  сирек  кездесетін  ерекшелігімен  айқындалады.  Құрамында 

парафин  мөлшерінің  жоғарлығынан  ол  +32˚С  -  +33˚С  температурада  қатып 

қалады.  Жер  қабаттарының  қысымымен  мұнай  сұйық  қалыпта  болса,  жоғары 

шыққанда  қара  май,  көмірсутекті  метаны  көп,  күкірті  аз,  20%  -  ға  дейін 

парафинді және асфальт – смолалы заттар бар. 

Кәсіпшілік өнімнің қажетті түрлерінің арасында мұнай, газ және олардың 

өңделген өнімдері бірінші орынды алады. Энергетикалық ресурстардың барлық 

түрлері  (су,  көмір,  жанар  май,  атомдық  энергия  және  тағы  басқалар)  2/3 жуық 

қажеттілігі 

көмірсутектермен 

қамтамасыз 

етіледі. 

Қазіргі 

уақыттың 

транспортың  және  көптеген  қозғалысты  техникаларды  жанар  -  жағар 

материалдарсыз  елестетуге  болмайды,  олардың  негізі  мұнай  және  газ  болып 

табылады.  Бұл  жердің  байлықтары  үлкен  көлемде  өндіріледі  және 

пайдаланылады.  

1994  жылы  қараша  айында  ұйымдастырылған  «Өзенмұнайгаз»  өндіріс 

филиалынан  1996  жылы  №1  мұнай  газ  өндіру  басқармасы  (МГӨБ)  құрылды. 

Басқарманың  негізгі  қызметі  шикі  мұнайды  және  газды  өндіру  болып 

табылады. Өндіріс аланының жалпы алаңы 8495га. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет