Өзен кен орнында штангалы терең сорапты қондырғының


  Мұнай және газ өндіру көлемі



Pdf көрінісі
бет21/34
Дата09.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#33795
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34
Байланысты:
Өзен кен орнында ШТСҚ жұмыс тиімділігін арттфру - Baglan Tungushbaev

 2.2  Мұнай және газ өндіру көлемі 

 

Өзен  кен  орны  өнімді  горизонттарынан  өндіру  басталғаннан  291510,3 

мың  тонна  мұнай  және  647287,2  мың  тонна  сұйықтық  алынған.  Оның  ішінде 

112432,1 мың тонна мұнай (39 %) ХІV горизонтынан алынды. Басқа пайдалану 

объектілер  үлесі  1,3%-тең  (Солтүстік-Батыс  күмбезі)  24%-ке  дейін  (ХІІІ 

горизонт).  Кен  орын  бойынша  мұнайды  алу  коэффициенті  27,5%  құрайды. 

Мұнайды  алу  коэффициенті  негізгі  горизонттары  бойынша  34,3%  -дан  (ХVІ 

горизонты) 11,5%-на (Хумурун күмбезі) дейін. 

01.01.2009  жылға  Өзен  кен  орнының  мұнайға  қаныққан  қабаттарынан 

жылдық  өндіру  мөлшері  5783,9  мың  тонна  мұнай,  29889,5  мың  тонна 

сұйықтық, алынатын өнімнің орташа сулануы 80,6%.  

Өндірудің  негізгі  көрсеткіштерінің  динамикасы  көрсетілген.  Соның 

ішінде  2228,5  мың  тонна  мұнай  XIII  (38,5%)  және  ХІV  (28,6%) 

горизонттарынан  алынған,  басқа  пайдалану  объектілерінің  үлесі  1%-дан 




27 

 

(Хумурун күмбезі) 12,8%-ға (ХV горизонт) дейін. 2008 жыл үшін мұнай өндіру 



үлесі жалпыдан 1,2%  Парсумурун объектісі үшін және Солтүстік – Батыс үшін 

1,6%.  Жиналған  мұнайды  алу  горизонттар  үлесі  жылдық  мұнай  өндіруде 

пропорционалды таралады : ХІІІ горизонты – 24,4%, ХІV горизонты – 38,6%, ең 

төменгі  пайыз  1,3%  Солтүстік  –  Батыс  күмбезінде  (сурет  5.5).  2008  ж  үшін 

мұнай  өндіру  келесідей  таралған  :  ауысқан  ұңғымалар  бойынша  –  5467,3  мың 

тонна  (95%),  жаңалары  –  265,9  мың  тонна  (4,1%),  әрекетсіздіктен  шыққан 

ұңғымалар бойынша – 50,7 мың тонна (0,9%). 

2008  жылы  бір  ұңғыма  мұнайының  орташа  дебиті  5,5  т/тәулігіне,  ал 

орташа тәуліктік дебиті пайдалану объектілеріне – 14,8 т/тәулік, сұйықтықтың 

максималды  орташа  тәуліктік  көлемі  –  ХVІІ  горизонт  қабаттарында  –  34,2 

т/тәулік.  Өңделетін  өнім  сулануы  80,6%  болды.  Мұнай  өндірудің  жоғарылауы 

жүргізілген технологиялық ұйым тиімділігімен байланысты. 

Бастапқы  баланс  қорынан  таңдап  алу  темпі  0,55%,  бастапқы  бөлініп 

алынған  қор  бойынша  –  1,24%,  сол  кезде  бөлінген  қор  бойынша  –  3,3%.  НИЗ 

бойынша  таңдап  алу  темпі  өндіру  объекттері  бойынша  келтірілген.  Таңдап 

алудың ең жоғарғы темптері ХІІІ қабаттарында бақыланады және келесідей : 

бастапқы баланс қорынан таңдап алу темпі – 0,96%, 



бастапқы бөліп алынған қорынан таңдап алу темпі – 2,14%, 

сол кездегі бөліп алынған қорынан таңдап алу темпі – 6,75%. 



Хумурун  күмбезінде  таңдап  алудың  төмен  темптері  бақыланады; 

бастапқы  баланс  қорынан  –  0,13%,  бастапқы  бөліп  алынған  қор  –  0,35,  сол 

кездегі қор үшін – 0,52%. 

Горизонттарды  өндіру  анализі  жалпы  алғанда  мұнай  өндірудің 

технологиялық  көрсеткіштерін  өзгерту  тенденциясын  ажыратуға  мүмкіндік 

береді.  Бөлек  блоктар  өндіру  күйінің  анализі  дәлірек  түсінік  береді.  Блоктар 

бір-бірінен  бастапқы  бөлінетін  және  баланс  қоры  бойынша  геологиялық 

біртексіздігіне байланысты ажыратылады. 

2015  жылы  кен  орын  бойынша  мұнай  өндіру  максималды  көлемі  3а 

блогында  (699,1  мың  тонна),  2а  (611,5  мың  тонна),  мұндағы  өнім  сулануы 

82,6%. Ең жоғарғы орташа тәуліктік дебит 10(7,3 т/тәулік) және 6а (7,1 т/тәулік) 

блогында,  сұйықтық  бойынша  -  5а  блокта  (34,2%  т/тәулік)  және  4а  блокта 

мұнай (32,5 т/тәулік). Жылдық мұнай өндіру көлемі 5,1 т/тәулік дебитінде және 

76,2%  сулануда  1  блокта  мұнай  кеніштерінің  шектелу  нәтижесінде  ең  төменгі 

үлесі 2,1%. 

Пайдалану  объектілері  және  блоктар  бойынша  мұнайды  ең  жоғары 

өндіру  ХІІІ  горизонтының  3а  блогының  222,6  мың  тонна,  бұл  горизонттың 

жалпы өндіру мөлшерін 10% құрайды. 

Ең жоғарғы дебит XIV горизонтының 10 блогында (20,6 т/тәулік сулану 

59%) және сұйықтық бойынша – XV горизонтта 6а блокта (58,3 т/тәулік сулану 

78,3%)  су  төменгі  –  мұнай  бойынша  XVІІ  горизонт  қатарында  4а  блок  (1,4 

т/тәулік сулану 89,5%), сұықтық бойынша XVІ горизонт қабаттарында 5а және 

6 блоктарында (12,5 т/тәулік сулану 41,1%). 



28 

 

Жалпы  алғанда  ХІІІ  горизонт  қабаттарында  бастапқы  бөлінген  қоры 



бойынша  таңдап  алудың  ең  төменгі  темпі  10  блокта  бақыланады  (0,11%),  ең 

жоғарғы  темп  –  3а  блок  қабаттарында  (0,23%).  1.01.2009  жылғы  ең  жоғарғы 

КИН күйі бойынша 4 блокта (43,43%) болды, төменгі КИН – 1 блокта (7,85%). 

Жалпы  XIV  горизонт  қабаттарында  таңдап  алудың  төменгі  темпі 

бастапқы  бөліп  алған  қордан  10  блокта  (0,03%),  ең  жоғарғы  темп  –  1а  блокта 

(38,68%), төменгі КИН – 10 блокта (3,28%). 

XV  горизонт  қабаттарында  ең  төменгі  таңдап  алу  темпі  2  блокта 

(0,07%),  ең  жоғарғы  темп  –  4  блок  қабаттарында  (0,3%).  Ең  жоғарғы  КИН 

1.01.2009  жылға  дейін  4а  блокта  (36,36%)  жетіп,  төменгі  КИН  –  1  блокта 

(8,78%). 

XVI  горизонт  қабаттарында  таңдап  алу  темптері  бастапқы  бөліну 

қорынан  1,  1а,  2а  блоктарында  байқалады  (0,07%),  ең  жоғарғы  темп  6  блок 

қабаттарында  (0,22%).  Ең  жоғарғы  1.01.2009  жылы  2  блокта  (40,74%),  ал 

төменгі КИН – 6 блокта (14,93%). 

XVII  горизонт  қабаттарында  ең  төменгі  таңдап  алу  темпі  4а  блокта 

байқалады (0,02%), ең жоғарғы темп – 3а блок қабаттарында (0,10%). 1.01.2009 

жылы  күйіне  ең  жоғарғы  КИН  2  блокта  (46,78%),  ал  ең  төменгі  КИН  –  4а 

блокта (6,88%). 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет