мұнайды механикаландырылған өңдеудің негізгі тәсілдерінің бірі. Штангалық
35
1. Шегендеу тізбегі; 2. Сорап; 3. Скқ тізбегі; 4.Штанга; 5. Скважина
сағасы;6. Саға жабдығы; 7. Өзек; 8.Траверс; 9. Пирамида; 10. Бетон
Қойылатын сораптар бөлшектеліп түсіріледі,яғни цилиндр-сораптық
құбырлармен,ал плунжер - сору және айдау клапандармен бірге жинақталып
штангалармен түсіріледі. Қойылмайтын сорап скважиналардан көтерілген кезде
екі тәсілмен жүзеге асады: алдымен плунжер және клапандар штангамен
шығарылады,ал содан кейін цилиндрмен құбырлар шығарылады.Қойылатын
сорап скважинаға жинақталып цилиндр плунжермен бірге сораптық
штангалармен түсіріледі және жер бетіне осы штангаларды көтеру арқылы
жинақталып шығарылады.
Штангалық терең сораптық тәсілдің жұмыс принципі келесідей:
балансир басы жоғары жүрген кезде штанга тізбегімен бірге плунжерде жоғары
жүреді.Осы кезде цилиндр мен плунжердің арасындағы кеңістік ұлғаяды, ал
цилиндр ішіндегі қысым қабат қысымынан төмен болған кезде сору клапаны
ашылады,қабаттағы сұйық цилиндр ішіне енеді,сору процесі жүреді. Балансир
басы өзінің ең жоғарғы нүктесіне жеткен кезде сору клапанның шаригі өз
салмағымен орнына отырады. Сору клапаны жабылады, сору процесі
аяқталады. Балансир басы төмен жүре бастайды, осы кезде плунжерде төмен
жүреді. Цилиндр мен плунжер арасындағы кеңістік азаяды. Цилиндр ішіндегі
қысым жоғарлайды. Ол қысым құбырлар тізбегі ішіндегі қысымнан жоғары
болған кезде айдау клапаны ашылады. Цилиндр ішіндегі сұйық құбырлар
тізбегіне енеді. Бұл кезде айдау процесі басталады. Балансирдің ең төменгі
нүктесінде айдау клапаны өз салмағымен орнына отырады,сол кезде клапан
жабылады да айдау процесі аяқталады. Осымен бір циклдің жұмысы аяқталады,
бірнеше циклден кейін құбырлар тізбегі сұйыққа толып сұйық жоғарыға
шығады. Скважиналық штангалық сораптық қондырғысының сызбасы 3.7
суретте көрсетілген.
Механикаландырылған тәсілдің тағы бір түріне электр ортадан тепкіш
сораптық
қондырғысы
(ЭОТСҚ)
жатады.
ЭОТСҚ-ның
ШТСҚ-дан
айырмашылығы: ұзын штанга тізбегінің болмауы және электроқозғалтқыштың
скважина түбіне түсірілуі.
ЭОТСҚ жер үсті және жер асты жабдықтарынан тұрады. Жер үсті
жабдықтарына саға жабдығы, кері клапан, шығыс линиясы, газсыздандыру
қорабы, датчик линиясы, ПЭД кабелі, трансформатор, басқару станциясы. Жер
асты жабдықтарына СКҚ тізбегі,электр желісі,қысқыш,ағызу клапаны, кері
клапан, сұйыққа енгізілген агрегат, көп сатылы ОТС, сұйықтан сақтандырғыш,
электроқозғалтқыш.
Жүктелген электроортадан тепкіш сорапты жинақтау алдында
скважинаны пайдалануға дайынау қажет, яғни скважинаны жуып, скважина
түбіндегі сазды тығындарды, жат заттарды тазартады. Агрегатты скважинаға
түсірмес бұрын кигізбе тізбекті арнайы шаблон көмегімен тексеру керек.
Шаблонның диаметрі жүктелетін агрегаттың диаметрінен 3мм артық, ал
ұзындығы 10мм ұзын болуы тиіс. Сосын агрегаттың жинақталуын жеңілдету