Өзен кен орнында штангалы терең сорапты қондырғының


  Мұнай және газдың технологиясы



Pdf көрінісі
бет24/34
Дата09.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#33795
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34
Байланысты:
Өзен кен орнында ШТСҚ жұмыс тиімділігін арттфру - Baglan Tungushbaev

2.4  Мұнай және газдың технологиясы 

 

 



Штангалық  тереңдік  сорап  мұнайлы  скважиналардан  сулануы    99  %  , 

температурасы 130˚С - ден, күкіртсутегісінің мөлшері 50 мг/л - ден және судың 

минералдануы 200 г/л жоғары емес сұйықты айдау қызметін атқарады. 

Скважиналық сораптар тік конструкциялы жалғыз әрекетті болып келеді. 

Ол цилиндр, плунжер және клапан бөлшектерінен тұрады. 

Сорап  цилиндры  температураға,  даттануға  қарсы  қабілетті,  хромдалған, 

легирленген  болат  материалдан  екі  түрде  дайындалады:  тегіс  тартылған  және 

төлкелі. 

Сорап  плунжері  барлық  сораптар  үшін  бірдей  өлшемде  1200мм 

ұзындықта шығарылады, ал оның қабырғасының қалыңдығы сорап диаметріне 

байланысты  5  -  9,5мм  болады.  Плунжер  пішімі  цилиндр  тәрізді,  болаттан 

жасалған, сырты жылтыр, ал шеткі жағының ішкі құбылысы бұрандалы болып 

келетін құбыр.  

Плунжердін  цилиндр  ішіне  отырғызылуы  бойынша  үш  түрге 

ажыратылады. 

Жәй  отыррызылған,  егер  цилиндр  мен  плунжер  арасындағы  саңылау 

120мкм және одан жоғары болса. 

Орташа отырғызылған, егер цилиндр мен плунжер арасынағы саңылау 70 

– 120мкм болса. 

Тығыз  отырғызылған,  егер  цилиндр  мен  плунжер  арасындағы  саңылау 

70мкм – ге дейін болса. 

Штангалық  сораптарда  жоғары  жұмыс  қабілеттілігімен  сипатталатын 

шарик  тәрізді  клапандар  қолданылады.  Олар  ұзақ  жұмыс  мерзіммен 



31 

 

сипатталады  және  шарик  қаттылығы  ер  қаттылығына  қарағанда  жоғары 



болады.  

Клапан ері симетриялық түрде дайындалады. Бір беті ескерген кезде оны 

180˚ бұру арқылы екінші бетін пайдаланады. Клапанның екі түрі бар: сору және 

айдау. 


Шарикпен  ер  жоғары  көмірсутекті  болат  материалдардан,  кейбір 

жағдайда бронзадан дайындайды. 

Сораптарды скважинаға штангалармен және құбырлармен түсіреді.Түсіру 

әдісіне қарай олар екі түрге ажырайды: 

СҚА  (НСВ)  –  скважиналық  қойылатын  сорап.  СҚА  сорабы  скважина 

ішіне заводта дайындалған, жинақталған түрде штанга тізбегімен түсіріледі. 

СҚМ (НСН) – скважиналық қойылмайтын сорап. СҚМ сорабы скважина 

ішіне  бөлшектеліп  түсіріледі,  яғни  плунжер  клапандармен  бірге  штанга 

тізбегімен, ал сорап цилиндры СКҚ тізбегімен. 

СҚА  сорап  тетіктеріне  цилиндр,  плунжер,  сору  және  айдау  клапандары, 

құлптық тірек жатады, ал СҚМ сорабына болса жоғарыда аталғаның барлығы, 

бірақ құлптық тіректің орнына клапан ері. 

Штангалық сорап өлшемі: ұзындығы 3 -7 м аралығында болады, диаметрі 

28, 32, 38, 43 (44), 55 (56) және 68 (70) мм. 

Скважиналық сораптардың келесідей типтері ажыратылады: 

СҚА1 - құлпы жоғары, қойылатын; 

СҚА2 - құлпы төмен, қойылатын; 

СҚМ - аулағышсыз, қойылмайтын; 

СҚМ1 - өзегі бар, қойылмайтын; 

СҚМ2 - аулағышы бар, қойылмайтын. 

СҚА1 - типті скважиналық сораптар 6 күйде орындалумен шығарылады: 

СҚА1Қ  -  құлпы  жоғары,  қойылатын,  ЦҚ  орындалуындағы  құрамды 

төлкелі цилиндрмен, ортаға тұрақтылығы бойынша қалыпты орындалған; 

СҚА1Т  -  құлпы  жоғары,  қойылатын,  ЦТ  орындалуындағы  тұтас 

цилиндрмен, ортаға тұрақтылығы бойынша қалыпты орындалған; 

СҚА1ТО  -    абразивті  тұрақты,  ортаға  тұрақтылығы  бойынша  қалыпты 

орындалған; 

СҚА1ТБО - дәл сондай, өзегі бар, ортаға тұрақтылығы бойынша абразивті 

тұрақты орындалған; 

СҚА1ТД1  -  құлпы  жоғары,  қойылатын,  ЦТ  орындалуындағы  тұтас 

цилиндрмен, бір сатылы, екі плунжерлі, ортаға тұрақтылығы бойынша қалыпты 

орындалған; 

СҚА1ТД2  -  құлпы  жоғары,  қойылатын,  ЦТ  орындалуындағы  тұтас 

цилиндрмен, екі сатылы, екі плунжерлі, ортаға тұрақтылығы бойынша қалыпты 

орындалған. 

СҚА1ТД1  және  СҚА1ТД2  орындалуындағыдан  басқа,  барлық 

орындалудағы скважиналық сораптар бір плунжерлі, бір сатылы. 



32 

 

СҚА2  типті  скважиналық  сораптар  бір  орындалумен  дайындалады: 



СҚА2Т – құлпы төмен, қойылатын, ЦТ орындалуындағы тұтас цилиндрмен, бір 

плунжерлі, бір сатылы, ортаға тұрақтылығы бойынша қалыпты орындалған. 

СҚМ типті скважиналық сораптар 2 күйде орындалумен шығарылады: 

СҚМТА  -  аулағышсыз,  қойылмайтын,  ЦТ  орындалуындағы  тұтас 

цилиндрмен,  жанасу  құрылғысы  бар,  бір  сатылы,  бір  плунжерлі,  ортаға 

тұрақтылығы бойынша қалыпты орындалған; 

СҚМТД1  -  аулағышсыз,  қойылмайтын,  ЦТ  орындалуындағы  тұтас 

цилиндрмен, бір сатылы, екі плунжерлі, ортаға тұрақтылығы бойынша қалыпты 

орындалған. 

СҚМ1 типті скважиналық сораптар бір орындалумен дайындалады: 

СҚМ1Қ  -  өзегі  бар,  қойылмайтын,  ЦҚ  орындалуындағы  құрамды 

цилиндрмен, ортаға тұрақтылығы бойынша қалыпты орындалған. 

СҚМ2 типті скважиналық сораптар 5 күйде орындалумен шығарылады: 

СҚМ2Қ  -  аулағышы  бар,  қойылмайтын,  ЦҚ  орындалуындағы  құрамды 

цилиндрмен, ортаға тұрақтылығы бойынша қалыпты орындалған; 

СҚМ2Т  -  аулағышы  бар,  қойылмайтын,  ЦТ  орындалуындағы  тұтас 

цилиндрмен, ортаға тұрақтылығы бойынша қалыпты орындалған; 

СҚМ2Т  ...  О  -  дәл  сондай,  ортаға  тұрақтылығы  бойынша  абразивті 

тұрақты орындалған; 

СҚМ2ТТ  ...  О  -  дәл  сондай,  өзегі  бар,  ортаға  тұрақтылығы  бойынша 

абразивті тұрақты орындалған; 

СҚМ2ТУ  -  аулағышы  бар,  қойылмайтын,  ЦТ  орындалуындағы  тұтас 

цилиндрмен, ортаға тұрақтылығы бойынша қалыпты орындалған. 

СҚМ2 типті сораптардың барлығы - бір плунжерлі, бір сатылы. 

Осы  скважиналық  сораптардың  ішінде  №1МГӨБ  -  да  негізінде  диаметрі 

57мм СҚМ2Т  сорабы қолданылады (сурет 3.6). 

 

 

3.6-сурет. СҚМ2Т скважиналық штангалық  сорабы 



                    

   1. Цилиндр;   2. Өзек;  3. Плунжер торы;  4. Плунжер; 5. Айдау 

клапаны;  6. Аулағыш өзегі; 7. Сору клапаны;  8. Конус ері 



33 

 

            СҚМ2Т  скважиналық  штангалық  сорабының  негізгі  техникалық 



мәліметтері мен сипаттамалары. 

Арыны - 1500м 

СКҚ диаметрі                                 

Цилиндр  -    сору  клапанымен,  қалың  қабырғалы,  тұтас  хонингті, 

азотталған қабаттың қалыңдығы 0,3мм, қаттылығы 870 ... 1124HV 

Ішкі диаметрі – 57,18мм 

Өлшемдері – 89 х 5325мм 

Салмағы – 67,7кг 

 Плунжер - айдау клапанымен, тұтастай металдан жасалған, қатты  қорытпамен 

шайылған, қалыңдығы 0,35мм 

Сыртқы диаметрі – 57,09мм 

Өлшемдері – 57 х 1605мм 

Салмағы – 12,3кг 

Плунжердің жұмыс жүрісі - 3500мм 

             Саңылау - 0,09мм 

Отырғызу тобы - II 

Шарик - 95Х18Ш даттанбайтын болат,  мм - 2 дана 

Ер - 95Х18Ш даттанбайтын болат, қаттылығы  ≥ 49HRC 

Сорап қысымға есептелген - 12,5МПа  

Сораптың дұрыс пайдалану шарты cулануы - 99%, механикалық 

қоспалардың мөлшері - 0,5г/л, судың минералдануы - 20г/л, күкүртсутегінің 

мөлшері - 50мг/л жоғары емес, сұйықтың тұтқырлығы - 0,2Пас, көлемге бос 

газдың мөлшері - 10%, сутегінің көрсеткіші - 4,2 ÷ 6,8 рН жағдайда ғана 

орындалады.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


34 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет