3.3.2 Қорғаныш құрылғы
Газ якоры конструкциясы жағынан әртүрлі болады. Бірақ сұйық пен құм
қоспасы якор корпусының құбырына еніп. Содан сұйықтың ағыны 1800-
градусқа өзгеріп, қозғалады, соның нәтижесінде құм корпусының төменгі
жағында тұнады. Ал тазартылған мұнай сорапқа ығысады.
Содан соң якорды көтеріп корпусында жиналған құмды тазартып якорды
түсіреді.Парафиннің шоғырлануының алдын алу. Парафинді мұнайды тереңдік
сораппен скважинаны игергенде түрлі қиыншылықтар туады. Парафин
құбырлар мен тереңдік сораптың, тораптарында жиналып қалады. Соның
арқасында сораптың беріліс коффициенті азаяды. Парафиннің бөлшектері
сораптың клапандарына өтіп жұмысын бұзады. Көбіне парафин құбырларда
парафин тығынын түзеді. Бұл парафин тығыны мықты болса, штанг тізбегін
көтерерде көптеген қиыншылықтар туғызады. Парафинге қарсы мынадай
әдістерді қолданамыз:
1) Штанг колонкасына орнатылған механикалық қырғыш;
2) Ұңғының құбыр аралық кеңістігіне ыстық бу немесе мұнай айдау;
3) Құбырларды электр тоғы арқылы қыздырады.
Көбінесе механикалық әдісті қолданады. Штангі қозғалысы кезінде
құбырдағы парафинді қырады. Бұл қырғыш 2,5-3мм болат жапырақшалардан
тұрады. Ұзындығы 150-250мм, ал ені 5, 8мм. Ал, электр тоғы арқылы әсер ету
әдісі тиімсіз, өйткені ол токты көп қажет етеді.
Тербелмелі станок пен штангіге түсетін салмақты анықтау.
Тербелмелі станок пен штангі жұмысына түсетін салмақ күші мыналар:
1) Плунжердің цилиндрдегі үйкеліс күші;
2) Штангі калоннасы мен кривошипті шатунды механизмнің қозғалысы
кезінде туатын инерция күші;
3) Штангіде туатын вибрация динамикалық салмақты тудырады.
Қондырғыға түсетін салмақты арнайы диномограф приборы мен
анықтаймыз. Бұл прибор бір тербеліс кезінде штокқа түсетін түсетін салмақты
қағазға диаграмма түрінде жазып алады. Ұңғыда болған ақауларды
диномаграмма түрінде жазып алады. Ұңғыда болған ақауларды динамаграмма
арқылы біліп отырамыз.
41
Бұл прибор траверсеге орнатылған. Прибор өлшеуіш және жазушы
бөліктерден тұрады. Сораптың жұмысы кезінде түрлі қиыншылықтар туады.
Соның себептерінен тереңдік сораптың беріліс коэффициенті түсіп кетеді.
Сораптағы бұзылыстарға тән диограммалардың өз формалары болады.
Сондықтан осы диаграмма формаларына қарап сорапты көтермей-ақ
бұзылысты анықтауға болады
Тереңдік сорапты ұңғыны зерттеу
Мұнайдың дебитін арнайы өлшеуіш қазандарында өлшенеді. Газдың
дебитін дифференциялды манометрлермен өлшейді. Түп қысымды арнайы
тереңдік манометрмен өлшейді. Саға мен скважина ішіндегі деңгейдің
арақашықтығын эхолот немесе желонка арқылы өлшенеді. Динамикалық
деңгейді өлшеу үшін экометриялық құрылғы кеңінен қолданылады.Егер түпте
жарлыс жасасақ дыбыс толқыны ұңғы оқпаны мен сұйықтыққа жаңғырық
түрінде жетіп ұңғының сағасына қайтады. Қоздырылған дауыс толқыны сағаға
қайтарда прибордағы таспаға жазылып қалады. Сол арқылы динамикалық
деңгейін аламыз.Сонымен скважинаға дыбыстық толқын арқылы әсер етіп
деңгейді анықтайтын приборды эхолот деп аталады.
Қорды дұрыс игермеу және өнімді қабаттардың суланып кетуі игеруге
нақты бақылау жүргізуді талап етеді. Игеру процесін бақылау үшін әр-түрлі
зерттеулер жүргізіледі, олармен зерттеу жұмыстарының цехы айналысады.
Өзен кенорнында гидродинамикалық зерттеудің келесі түрлері
қолданылады: қабат және түп қысымын өлшеу, тереңдік сораптық скважинада
динамикалық және статикалық деңгейлерді өлшеу, айдау скважинаның
қабылдағыштығын өлшеу, динамометриялық жұмыстар, атқылау және бақылау
скважиналардың түп және қабат қысымдарын өлшеу.
№1МГӨБ бойынша өндіру скважинаның негізгі қоры терең штангалық
сораптармен жабдықталған, ол 87,8% (846 скважина) құрайды. Терең
сораптармен жабдықталған скважиналар ГДМ-3 динамографымен және
«Микон» динамографымен, «Микон» эхолотымен зерттеледі.
Терең штангалық сораптық қондырғыларының зерттеуінің негізі
динамометрлеу болып табылады. Бұл жер асты жабдықтардың жұмысын
оперативті бақылау әдісі және сораптық қондырғының технологиялық жұмыс
режимін дұрыс орнату негізі.
Әдістің мәні - сорапты жер бетіне көтермей сальниктік өзекке түсетін
салмақты динамограф арқылы анықтайды. Қағазға диаграмма түрінде өзектің
қозғалысына байланысты жоғары және төмен жүрісі кезінде түсетін салмақ
жазылады. Жазылған диаграмма динамограмма деп аталады.
Қондырғы жұмысының оперативті бақылауы динамограмма бойынша
келесі бағдармаларды кірістіреді: сорап өнімінің азаюына және
тоқталуына ықпал ететін себептерді анықтау; қажетті жер асты жұмысын
таңдау және орындау; өндірістік жөндеудің сапасын тексеру.
Қондырғының жұмысын динамометрлеу көмегімен ұзақ бақылау
жүргізгенде энергияның ең аз шығыны мен пайдаланудың ең үлкен
42
коэффициенті кезінде сұйықтың қажетті алынуын қамтамасыз ететін жұмыс
режимін таңдайды. Скважиналық сораптың қалыпты жұмысының теориялық
диограммасы параллелограм түрінде болады. Масштабта ординат өсі бойынша
штанганы ілу нүктесінің салмақтары орнатылады, ал абсцисс өсі бойынша
өзектің қозғалысы. Динамограмма пішініне штанга және құбыр жүйесінде
пайда болатың инерциялық күштерi және үйкелiс күштерi әсер етедi.
Динамограмманы талдау кезінде алынатын негізгі көрсеткіштеріне
сораптың өнім беру және толу коэффициенттері жатады.
Сораптың толу коэффициенті - бұл цилиндрдің жұмыс бөлігіндегі сұйық
деңгейінің плунжердің жүру жолына қатынасы.
Сораптың өнім беру коэффициенті - бұл нақты өнім берудің теориялыққа
қатынасы немесе плунжердің пайдалы жүру жолының жылтыр өзектің жүру
жолына қатынасы.
Диаграммалар бойынша тереңдік сораптың жұмысын және жер
асты жабдықтардың әртүрлі отыздан аса сипаттамаларын анықтауға болады.
Скважиналарды штангалық сораптық қондырғылармен пайдалану
процесінде сорап клапандарында, қабырғаларында және құбыр мен штанга
беттерінде парафин шөгінділері жиналады, олар сораптың қалыпты жұмысын
бұзады. Бұл кезде штанга мен көтергіш құбыр арасындағы сақиналы қиманың
өту ауданы төмендейді, көтергіш құбырлар бойынша сұйықтың қозғалуына
артық гидравликалық кедергі тудырады, гидравликалық қысымдар ұлғаяды.
Парафиннің үдемелілігіне байланысты көбінесе штангалардың үзілуі және
плунжерге жақын жердегі төменгі бөлікте олардың бұзылуы жүреді.
Ыссы сумен өңдеудің мақсаты - асфальт-смолалы-парафин шөгінділерін
жер асты жабдықтардан және пайдалану тізбегінен тазалау, жер асты жөндеу
жұмыстарына дайындау.
Ыссы сумен өңдеу кезінде 30% көбік пайда қылатын ерiтiндiсiн «ПО -6К»
және 0,1% «Рауан - 100» беттiк әрекеттік затты қосуға болады. Бұл
реагенттерді өңдеу процессін тиімді өткізу үшін қолданады.
Күрделі жөндеу жұмыстарына жер асты жабықтарын түгелдей ауыстыру
немесе жаңарру, оқшаулау жұмыстары, екінші оқпанды бұрғылау, цементтеу
жұмыстары, құм тығындарын жуу жұмыстары, екінші қабатқа көшу, аулау
жұмыстары және тағы басқалары жатады. Бұл жұмыстарды, скважинаның
ақауына байланысты орындаймыз. Осы кезде скважинадағы құм тығының тіке,
кері, аралас және үздіксіз жуу тәсілдерін қолдану арқылы тазалаймыз.
Сораптары іліну нүктесі қысқа болған жағдайда скважиналарға жер асты
жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жер асты жөндеу жұмыстарына сорапты және
олардың клапандарын ауыстыру, құбырды штанганы ауыстыру жұмыстары
жатады. Мұнда да скважиналарды жөндеу жұмыстарына байланысты
таңдалады. Біріншіден бұл жұмысты жүргізбес бұрын жер асты жабдықтарын
орналастырамыз. Әрі қарай құбырларға құбырларды қосу арқылы, штангаға
штанганы жалғау арқылы сораптың орналастыру тереңдігін ұзартамыз.
43
Қабат қысымы жеткіліксіз жағдайда – бұл скважиналардың айдау
сұйығының көлемін ұлғайтамыз. Айдау скважиналары жоқ өндіру
скважиналарына айдау скважиналарын ұйымдастырамыз.
Скважинаның жер асты жабдықтарының желінуі қабаттан өндірілетін
мұнаймен
ілесіп
шығатын,
механикалық
қоспалардың,
тұздардың,
минералдардың әсерінен болады. Скважинаны қалпына келтіру мақсатында
күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Бұл жұмыстарды жүргізбес бұрын жер
үсті жабдықтарын орналастырамыз. Екіншіден скважинаның жер асты
жабдықтарын түгелдей жаңартамыз.
Қисайған скважиналардың ұзақ жұмыс істеуі кезінде құбыр
қабырғаларына муфта немесе штангалардың үйкелуі пайда болады. Сондықтан
бұл скважиналарға арнайы шарнирлі муфталар және жоғары жиілікті токпен
өңделген штангаларды түсіреміз.
Штанга тізбегінің үзілуі. Бұл ақауды қалпына келтіру үшін жер асты
жөндеу жұмысын жүргіземіз. Жоғарыда айтылып кеткендей скважинаны
жөндеуге дайындаймыз. Әрі қарай штангаларды үзілген жеріне дейін біртіндеп
көтереміз. Үзілген штанганың орнына жаңа штанганы орнатамыз, яғни
скважинаның жұмыс жағдайын қалпына келтіреміз.
Қорытындылай келгенде скважиналардың жұмысын талдау нәтижесіне
қарай осы жоғарыда аталып кеткен шараларды жасақтау арқылы
скважиналардың өнім беру коэффициентін ұлғайтамыз.
Өндірісте көптеген қиыншылықтар кездеседі. Бұлардың бірі мұнайдың
аномальды
құрамы,
жоғарғы
парафинділігі,
шайырлылығы,
қабат
коллекторларының әртектігі, құм тығындары, мұнай эмульсиялары, мұнайдағы
механикалық қоспалар, т.с.с.
Бұл қиыншылықтарды химиялық, физикалық және термиялық жолдармен
шешеді. Бұлар пештер орнату, қабатты гидрожару, қышқылмен өңдеу,
ингибиторлар қосу, деэмульгаторларды пайдалану.
|