2.Қозғыш тіндердің тітіркену заңдары. Бұл заңдар тіндердің жауап қайтару қабілетінің тітіркендіргіштердің әртүрлі өлшемдеріне тәуелділігін анықтайды . Қозғыш тіндерді тітіркендіру заңдарының бірнеше түрлері бар:
1) Күш заңы: тітіркендіргіш күші жоғарылаған сайын, оған тіндердің жауаптары да жоғары болады. Қозу тудыратын тітіркендіргіштің ең аз күші тітіркендіру табалдырығы деп аталады. Табалдырықтан төмен және табалдырықтан жоғары күш деген өлшемдер бар. Қандай да болсын тіндерге әсер ететін тітіркендіру күші
табалдырықтан төмен болса, ол байқалатын қозу тудырмайды . Ал егер тітіркендіру күші жоғары болса, тіндердің құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты жауабы әр түрлі болады. Мысалы, жүрек еті максималды біркелкі (түгел) жиырылады. Сонда жүректің миокард талшықтарының жиырылу қасиеті «түгел немесе түк емес» заңына тәуелді.
2) Тітіркендіру ұзақтығы туралы заң: тітіркендіргіштің әсері ету уақыты ұзарған сайын, тіндердің жауабы да күшейеді. Мұндай тәуелділікті алғашқы рет Дж. Гоорвег пен М. Вейс дәлелдеп, «күш пен уақыт» сызығы ретінде көрсеткен. Бұл заң бойынша, бұлшықетті қозуға келтіретін ең аз электр күшін реобаза деп белгілейді. Бір реобазаға тең күшпен әсер еткенде қозу тудыратын қысқа уақыт – пайдалы уақыт деп аталады
Сосын Л.Лапик хронаксия деген өлшемді ұсынды. Хронаксия деп тінді қоздыратын екі реобазаға тең күш әсерінің ең қысқа уақытын айтады. Оның мөлшері хронаксиметр аспабымен өлшеніп, мс-пен белгіленеді. Хронаксиметрді медициналық зерттеуде пайдаланып, әртүрлі тіндердің қозу дәрежесін өлшеуге болады.
3) Тітіркендіру градиенті туралы заң: Қандай да болсын тіндердің қозуы тітіркендірудің күшіне, әсер ету уақытына ғана емес, оның үдеу жылдамдығына да тәуелді болады. Басқаша айтқанда, ток күшінің жәй үдеуіне тін бейімделіп үлгереді. Бұл аккомодация құбылысы деп айтылады. Аккомодация кезінде тіндердің қозу қабілеті төмендейді де, тітіркендіру табалдырығы жоғарылайды.
4)Тітіркендірудің полярлызаңы.Полярлы заңның үш түрлі ережесі бар:- тұрақты ток тінге ол қосылған немесе ажыратылған кезде әсер етеді;- тұрақты ток қосылғанда қозу үрдісі катодтың, ал ажыратылғанда анодтың тұрған жерінде пайда болады;- тұрақты токтың әсері ол қосылғанда күштірек болады.Тұрақты ток полюстерініңорналасқан жерінде тіндердің физиологиялық қасиеттері өэгереді. Бұл құбылысфизиологиялық электротон деп аталады. Катод пен анодтан сыртта 1-1,5 см алшақтықта электрод түсындағытіннің
физиологиялық қасиеттері қарама-қарсы өзгереді, яғни катодтан әріде қозу қасиеті төмендейді де, анодтан әріде жоғарылайды. Бұл құбылыстардыЕ.Н.Введенский периэлектротон деп атады.
3.Қаңқа бұлшықетінің физиологиялық қасиеттері. 1) қозғыштығы (жүйке талшығымен салыстырғанда төмен, себебі еттің МП шамасы төмен);
2) өткізгіштігі жүйкемен салыстырғанда баяу, шамамен 10-13 м/с;
3) рефрактерлігі (жүйке талшығына қарағанда ұзақтығы көп уақытқа
созылады);
4) лабильдігі – 250-350 Гц;5) жиырылғыштығы (ет талшығының қысқаруы немесе қатаюы).6)созылғыштығы (серпімділігі) – қатты созылған ет талшығының оны босатқанда қалпына қайта келу қабілеті.Қозуды ет талшығы сарколеммасын болай әртүрлі жылдамдықпен тарайды.Мысалы,
Қаңқа бұлшық етінде секундіне 3.5-14 м
Жазық бұлшық еттерінде секундіне 0.5мм – 10 см дей жылдамдықпенСонымен қаңқа бұлшықеттері ми қыртысымен байланысты болғандықтан ,олардың жиырылуы адам еркіне байланысты болады.Оларадам еркіне бағынатынқимыл қозғалыстарды қам.ет.
Ал жазық бұлшық еттер өз еркімен жиырыла алмайды,олардың жиырылып жазылуын және автоматиялық қасиетін вжж реттейді.Жазық бұлшық еттер ішкі ағзалар қабырғасының негізгі құрамында орналасады .Мысалы: асқорыту арнасы, қантамырлары, ішкі қуыс мүшелері, тынысжолдары, сыртқы сөлініс бездерінің сөл шығаратын түтіктері және олардың қимыл-қозғалту қызметін атқарады.
Жазық бұлшық еттердің қаңқа бұлшық еттеріне қарағанда қозғыштық қасиетітөмен,хронаксиясы мен қозу табалдырығыжоғарғы.
Абсолюттік рефлактерлік кезеңдері ұзақ ,лабильділігі төмен болады.Олардың жекеленген жиырылуы өтеұзаққасозылады.Әсіресе латенттік және жазылукезеңдері.Мысалы, құрбақаның қарын етінің жекеленген жиырылуы бір минут болады.