14. Бұлшықет тонусы Бұлшық ет — адамда, омыртқалы жануарларда және көптеген омыртқасыздарда денені қозғалысқа келтіретін мүше. Бұлшықет тонусы- бұл бұлшықеттердің еріксіз кернеуі, адам ағзасының физиологиялық қасиеттерінің бірі. Егер кернеу ерікті болса, онда бұлшықет талшықтарының саны бір мезгілде белсендіріледі. Демалыс жағдайындағы бұлшықет кернеуі сыртқы факторлар немесе жүйке жүйесінің аурулары әсерінен өзгеруі мүмкін. Бұлшық ет тонусына бас миы және жұлын жауап береді.Нәресте кезінде баланың қимыл қозғалысы,ішкі ағзалардың жұмысы,қанқаның қалыптасуы бұлшық етке байланысты. Бұлшық ет тонусының төмендігі (гипотонус) –әлсіздік. Нәрестенің қимыл қозғалысы төмен болады,басын кеш ұстайды,кеш аунайды,кеш отырады,кеш жүреді,көп ұйықтайды,әлсіз емеді,ұйктап жатқанда қол аяқтары түзу жатады,алақандары ашық болады. Бұлшық ет тонусының жоғары болуы дегеніміз ол бұлшық еттердің аса қатты күшке ие болуын айтады. Ол-гипертонус д.а. Бұлшықет тонының реттелуі альфа және гамма қозғалғыштар, афферентті талшықтар мен шпинделер арқылы жүзеге асырылады. Импульстар мидан келеді. Базальдық ядролар, мидың, орташа ми бұлшықет тонусын сақтауға жауапты
Бұлшықет тонусы бірнеше механизмдер арқылы қалыптасады және реттеледі:
1. Орталық механизмдер: бұлшықет тонусын орталық жүйке жүйесі, соның ішінде ми мен жұлын басқарады.
2. Перифериялық механизмдер: бұлшықет тонусы бұлшықеттер мен сіңірлерде орналасқан арнайы рецепторлармен де реттеледі. Бұл рецепторлар бұлшықеттердің орналасуы мен кернеуі туралы сигналдарды қабылдайды және оларды әрі қарай реттеу үшін миға жібереді.
3. Нейрохормоналды реттеу: бұлшықет тонусын жүйке жасушаларының белсенділігіне және бұлшықеттің жиырылуына әсер ететін гамма-аминобутир қышқылы (GABA) және допамин сияқты әртүрлі гормондар мен нейротрансмиттерлер басқарады.
15. Қаңқа бұлшықетінің жиырылу механизмдері. Қаңқа бұлшықеті көлденең жолақты миоциттерден құралған . Ол цилиндр тәрізді келген ұзын талшық, ұзынд-10см,ені 12-70мкм. Миоцит сыртындағы қабық сарколемма д.а. Бұлшықет жиырылғанда ж/е босаңсығанда миофибриллдердің ұзындығы өзгереді. Олар талшық бойымен созылған, қатар-қатар орналасқан жіпшелер будасы. Әр саркомера ортасында 2500дей жуандығы 10нм миозин ж/е Z мембр-ң екі жағында жуандығы 5нм. Актин ұшы миозин талшықтарының арасына жартылай кіріп тұрады. Жіпшенің күңгірт(А) бөлігінде миозин, ашық(І) бөлігінде актин болады. Ет жиырылған кезде талшықтың қысқаруын түсідіру үшін З.А. Хаскельдің “ақуыз талшықтарының жылжуы” теориясы қолданылады. Ол бойынша бұлш. жиырылған кезде актион миозин бойымен сырғып, толығымен оның арасына енеді. Миофибрилдің ашық бөлімі қысқарып, күңгірт бөлімі бір бірне жақындап, одан әрі күңгірттенеді. Актин мен миозин ет жиырылғанда қысқармайды. Актин миозин арасына еніп саркомера қысқарады. Бірнеше саркомера қысқарып миофибрилла қысқарады. Қаңқа бұлш талшықтары түгел н/е түк жоқ заңына бағынады. Тұтас бұлш бағынбайды,себ әр талшықтық қозу табалдырығы бар.
Ауксотониялық жиырылу-бұлш жиырылғанда ет қысқарып, оның тонусы күшейеді.Изотониялық жиырылу-ет қысқарса да тонус өзгермейді.
Изометриялық жиырылу-ет қысқармай тек қатаяды,яғни тонусы жоғарылайды.
Жеке жиырылу-дара серпініс әсерінен болатын жиырылу,бұлщ-ң қозуына жергілікті серпініс, тек лабараториялық жағдайда кездеседі.
Латентті(жасырын): тітіркендіргіш әсерін қысқару басталғанға дейінгі уақыт. Бұл кезеңде бұлшықеттің бірден жиырылуы болмайды, яғни ет талшығында пайда болған қозудың өту кезеңі. Бұл кезде абсолюттік рефрактерлік н/е тітіркендіргішке толық қозбаушылық жүреді. Тітіркендіргіш әсерінен жиырылудың басталу уақыты. 0,01
Қысқару(жиырылу): тітіркендіру жиырылуды ұзартып, жоғарылатады. Қысқарудың алғашқы кезеңінде тітіркендіргенде жиырылу экзальтациясы маск. амплитудаға жетеді. 0,05с
Босаңсу: тітіркендіру екіншілік қысқаруға жалғасады, оның амплитудасы біріншілік қысқаруға қарағанда жоғары болады. 0,05-0,06с