Қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттері


Введенскийдің парабиозы, оның кезеңдері



бет8/20
Дата25.04.2023
өлшемі238,39 Kb.
#86534
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
Емтиханға арналған сұрақтар ТФП 2 курс толық

6. Введенскийдің парабиозы, оның кезеңдері.
Парабиоз. Жүйкеге ұзак уақыт күштi химиялық тiтiркендiргiштер әсер етсе, оның қозғыштық қасиетi, лабилдiгi төмендейді. Оны парабиоз деп атайды. Парабиоз грек сезi (рага - жуық, жақын bios - өмiр, тiршiлiк) тiрiге жуық хал немесе өмiр мен өлiм арасындағы жағдай деген мағынада. Н.Е.Введенский ет-жүйке препаратын алып, оның жүйкесiнің етке жақын жерiн 2% кокаин ерiтiндiсiне малынған мақтамен орайды, бiраздан соң жүйкенi еттен алысырақ жерiнен токтың жиiлiгiн не күшiн бiртiндеп жоғарылата тiтiркендiрiп, бұлшықеттiң сiреспе жиырылу сызығын жазады. Бұлшыкеттің жиырылу жауабы кокаин тиген жердегi құбылысқа байланысты өзгеретінін байқайды және парабиоздың дамуы мезгілінде үш сатылы өзгерiстерді анықтады: теңестіру, парадоксальдық,тежелу.
Бiрiншi - теңестіру кезеңінде тiтiркендiргiштiң бiртiндеп жиiлiгін не күшiн жоғарылатса бәрiне беретін жауабы бірдей болады. Екiнші - парадоксалды кезеңде әлсiз (сирек) тітіркендіргіштерге беретін бұлшыкеттiң жауабы күштi (жиi) тiтiркендiргiштерге беретiн жауабынан жоғары болады. Қалыпты жағдайда бұлшыкеттiң жауабы тітіркендіріштің әсерiне тiкелей байланысты жоғарылайды. Парабиоз тереңдеген сайын бірiншi кезең екiншiсiне, ал екiншi кезең үшiнші кезеңге айналады. Үшiншi - тежелу кезiңінде ет тiтiркендiргiштерге жауап кайтармайды. Егер парабиоздық әсердi уақытында алып тастап физиологиялық ерітіндімен жүйкені жуса, парабиоз кезеңдерi бiрiн-бірі керi карай алмастырып жүйке әдеттегi жағдайға келеді.
Парабиоз кезеңдерi альтерация (зақымдалыс) жасайтын әсерлерге жүйкенің лабилдiгiнiң төмендеуiмен тусiндiрiледi. Лабилдiк төмендеген сайын ол жерде жүйкенiн абсолюттік рефрактерлiк кезеңi ұзара түседi, қозу үрдсi күшейеді. Қозу өзiнiң жайылу қасиетінен айырылып белгілі бір жерде тұрақталады. Бұл кезде жүйке тiтiркендiргiштерге жауап бермейді.
Қорыта келгенде, Н.Е.Введенский жүйке парабиозы тежiрибесiнде қозу мен тежелу үрдісінің бірлiгiн, тежелу күштi және тұрақты қозу екенiн, қозу тежелуге немесе керiсiнше тежелу қозуға алмаскан парабиоздың үш кезенiнiң байқалатынын дәлелдеді. Н.П.Павлов кейін бұл мәлiметтердi ми кыртысында туатын қозу мен тежелу үрдiстерiн және фазалық жағдайларды тусiндiруге колданды. Қазақстанның белгiлi ғалымы Б.А.Атчабаровтың зерттеулерiне дейiн, көп жылдар бойы, парабиоз үрдiстерiнiң физиологиялық- биохимиялық табиғаты толық анықталмаған болатын. Ол парабиоздың пайда болуының тiкелей себебi жүйке талшықтарында АУФ-тын жеткiлiксiздiгi екендiгiн аныктады. Ал, АУФ Кребс циклына сәйкес митохондрийдiң жабық жүйесiнде жүйке талшыктарын фосфорландыру нәтижесi екендiгi көпке белгiлi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет