Мишықтың функциялық маңызы.
Мишық - арнаулы жолдар арқылы мидың барлық бөлімдерімен байланысады. Мишық құрылысының күрделілігі, байланысының молдығы нәтижесінде дене қимылының үйлесімін, дене кейпі мен тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Оның қатысуымен бұлшық ет тонусы өзгеріп, қимыл әрекет кезінде жеке ет топтарының жиырылу күші реттелініп, орынсыз қимылдар байқалмайды.
Құстарда мишық өте жақсы жетілген, ол тепе-теңдікті сақтауда маңызды рөл атқарады. Мишықты алып тастаса алғашқыда құстар жүру және ұшу қабылетінен айырылады. Бірақ ол азық, су қабылдау қабілетін жоғалтпайды. Біраз уақыт өткен соң құс қиын болса да жүріп, ұша бастайды.
Мишық организмнің қимыл-әрекетімен қатар, оның вегетативтік қызметіне де әсер етеді. Мишықты тітіркендіргенде көздің қарашығы үлкейіп, артерия қысымы жоғарылайды, тамырдың соғуы жиілейді, қажыған еттің жұмыс қабілеті қалпына келеді, демек симпатикалық эффект байқалады. Мишықты алып тастағаннан соң ас қорыту жолының қимылы баяулап, қарын мен ішек сөлінің бөлінуі әлсірейді, қуат шығыны артады, бұлшық еттің қантты сіңіруі нашарлайды, еттің нәрленуінің бұзылуы салдарынан атрофия (сему) басталады. Баяндалған жайлар мишықта симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелену орталығы орналасады деген болжам жасауға мүмкіндік береді.
Ортанғы мидың физиоллогиясы.
Ортаңғы ми— ортаңғы ми қақпағы мен үлкен ми аяқшаларынан тұратын ми бөлігі.
Ортаңғы ми – артқы ми мен аралық мидың арасында орналасқан. Ол алдыңғы ми мен артқы миды бірімен – бірін жалғастырып тұрады. Теріде пигменттің бояутектің түзілуін реттейді. Кенеттен шыққан дыбыс, жарық тітіркенгіштерін тез бағдарлауды реттейді. Ми бөлімдерінің мишықтан басқалары ми бағанасын құрайды. Одан 12жұп бассүйек – ми жүйкелері таралады.
Ортаңғы мида аралық мидағы үшінші ми қарыншасы қуысын ромбы тәрізді мидағы төртінші ми қарыншасы қуысымен байланыстыратын түтікше қуыс — суқұбыры (суағар) болады. Ортаңғы ми қақпағы — қақпақты пластинканың беткей қабаты ақзаттан, ал терең қабаты сұрзаттан құрылған. Төрт төмпектің алдыңғы жұп төмпегінің сұрзаты — афференттік қыртысасты көру рефлекстерінің, ал артқы жұп төмпегінің сұрзаты тепе-теңдік және есту рефлекстерінің орталықтарын түзеді.
Ортаңғы мида ядролар орналасады, олар қаңқа бұлшық еттеріне үнемі жүйке импульстарын жіберіп, олардың шыриғып тұруын — тонусын сақтауға мүмкіндік береді. Көру және дыбыс тітіркенуін қабылдайтын бағдарлау рефлекстерінің рефлекс доғалары ортаңғы ми арқылы өтеді. Бағдарлау рефлекстері бас пен денені тітіркендіргішке қарай бұрудан бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |