Мембрананың қызметі: 1) Клетка ішін бөлімдерге компартменттерге бөлу.
2) Заттардың талғамды өткізгіштігін қамтамасыз ету. Клетка ішіндегі оттегі, көмірқышқыл газы, су оңай өтеді де, басқа заттардың өтуі қиындай түседі және бұл өткізгіштік олардың майларда және суда ерігіштігіне тәуелді.
Активті тасымалдау. Заттардың арнайы энергияны пайдаланып, электрохимиялық градиентке қарсы ауысуы.
Пассивті тасымалдау. Зат тасымалы электрохимиялық потенциалдың кемуімен,яғни энергия шығынын қажет етпейтін тасымалды айтамыз.
Мембраналық потенциал, оның мөлшері, пайда болуының негізі.
Мембраналық потенциал дегеніміз-протоплазма потенциалымен жасушаның сыртқы бетіндегі потенциалдың арасындағы айырмашылық.Мембрананың сыртқы беті әдетте оң, ал ішкі беті теріс зарятталған.
Тірі тінде биопотенциалдардың пайда болуы жөніндемембраналық-иондық,фазалық, зат алмасу, көп электрлік теориялар бар. Бұлардың ішінде әсіресе мембраналық-иондық теория танымал. Оны алғаш 1902 жылы неміс ғалымы Ю.Бернштейн болжам (гипотеза) ретінде ұсынған. Кейін ағылшын ғалымдары А.Хаксли мен А.Ходжкина (1940-1952жж) бұл теорияны тәжірибе жүзінде алынған көптеген деректермен дәлелдеді.
Мембраналық-иондық теория бойынша мембраналық потенциалдың пайда болуы протоплазма мен жасушааралық сұйықтықтағы иондық өлшемдестікке байланысты.Осы себепті мембрананың екі беті әртүрлі зарядты. Жасуша протоплазмасы мен жасушааралық сұйықтықта иондар түрі мен санының ассиметриясын дәлелдейтін мәліметтер жеткілікті. К+ катионының протоплазмадағы мөлшері жасушааралық сұйықтықтан 30-50 есе артық, ал Na+ ионы жасушааралық сұйықтықтан 8-10, Cl+ анионы 50 есе көп. Жасуша сыртында мембрананың ультра құрылысы электрондық микроскоп арқылы анықталады. Мембрана 3 қабатты белок-липид молекулаларынан тұратын және онда диаметрі бірнеше нанометр саңылаулар мен микротүтіктердің бар екені дәлелденді. Теория бойынша мембрана иондары талғамай өткізе бермейді: ол арқылы кейбір иондар тез, екінші бір иондар баяу өтеді не өтпей ұсталып қалады. Мәселен, Na+ иондары мембрана арқылы тез өтсе,К+ катионы баяу өтеді, ал аниондардың көбі және белок молекулалары өтпейді. Бұл оның саңылауларының кең-тарлығына байланысты емес, оған микротүтіктердің заряды мен одан өтетін иондар зарядының қарым-қатынасы және мембранадан өтетін заттардың липидтерде еру-ерімеу дәрежесі де себепкер.