Қозуды жеке өткізу заңы әрбір шеттегі жүйке құрылымында жүздеген мыңдаған жүйке талшықтары бар, алайда әрбір талшық қозуды қатар жатқан талшықтарға жаймай , тек өз бойымен өткізіп, тек өзімен ғана байланысқан ет талшықтарына туп-тура жеткізеді.
Миелинді және миелинсіз талшықтардың бойымен қозудың таралуы.
Құрылысына байланысты жүйке талшықтары: миелинсіз және миелинді болып екі топқа бөлінеді.
Миелинді жүйке талшықтары жуандау, олардың диаметрі 1-25 мкм шамасында болады, миеленсіз талшықтар жіңішке (0,5-2,0 мкм) келеді. Миелинді талшықтар миелин және шван қабықтарымен қапталған, ал миелинсіз талшықтарда тек шван қабығы болады. Миелинді талшықтың ортаңғы цилиндрі — оқтығы , оның айналасында миелин қабығы және тізбектеле Шван торшалары орналасады. Миелин қабығы электр изоляторы рөлін және нәрлендіру қызметін атқарады. Миелинді талшықтар миелинсіз талшықтармен салыстырғанда, қозғыш келеді. Мәселен, сүт қоректілердің қозғағыш жүйкелерінің хронаксиясы 0,05-0,2 мс болса, симпатикалық жүйкеде ол 5 мс. созылады. Құбылмалылық. Жүйке талшықтарының функционалдық құбылмалығы да өте жоғары. Оларда қозу толқыны басқа ұлпалармен салыстырғанда, шапшаң пайда болып, тез өшеді.Шеткі жүйкелерде қозу толқыны аз ғана уақытқа созылады, сондықтан жүйке талшықтары өте жиі тітіркендіру ырғағын игере алады. Жүйке торшалары үшін қозу толқынының максимальдық ырғағы секундына 100 тітіркеністен артпайды, ал оптимальдық ырғақ секундына 10-12 тітіркеніс. Осы торша аксоны үшін максимальдық ырғақ секундына 300-500 тітіркеніс болып, оптималдық ырғақ 100-175 тітіркеніс шамасында. Миелинді жүйкелердің лабильділігі миелинсіз жүйкелерден жоғары. Мысалы, миелинді жүйке талшықтары секундына 500-ге дейін қозу толқынын тудыра алады.
Жүйке талшықтарының бойымен қозудың таралу жылдамдығы.
Қозудың жүйкеден өту жылдамдығы миелин қабығына байланысты . Миелинді жүйкелерде қозу бір Ранвье үзілісінен екінші үзілісіне секіріп өтетін болғандықтан ол тез өтеді . Екі Ранвье үзілісінің аралық ұзындығы жүйкенің диаметріне байланысты . Жуан жүйкелерде олар бір - бірінен алшақ орналасады . Сондыктан жуан жүйкелерде қозу тез өтеді . Қозу үрдісінің өту жылдамдығы “ шың ” және із потенциалда рының ұзақтығына кері байланысты . Неғұрлым “ шың " және із потен циалдары ұзақ болса , солғұрлым қозу жай өткізіледі . Қозуды өткізу жылдамдығы талшықтың қозғыш қасиетіне де байланысты осы ай тылған себептерге орай жүйке талшықтары үш топқа ( А , В , С. ) бөлінеді. А – жүйке талшықтары тобының өзі А. , А. , А және А. болып төртке бөлінеді . 4 - тобына миелинді , жуандығы 12-22 мкм , қозғалтқыш жүйкелер жатады . Бұлардың қозуды өткізу жылдамдығы секундіне 70-120 м . Ал А. , А. , А , талшықтары миелинді сезгіш талшыктар . Бұлар А - ға қарағанда жіңішкелеу , диаметрі 12 мкм - ден төмен . Жүйке неғұрлым жіңішке болса , солғұрлым ол қозуды жай өткізеді . А. - талшықтың диаметрі 8-12 мкм , ал өткізу жылдамдығы секундіне 40-70 м . А талшығы А - дан жіңішке , диам . 4-8 мкм, осыған орай серпіністі жай өткізеді 15-40 м / с . 4 . талшығының жуандығы 1-4 мкм, қозуды жай өткізеді , се кундіне 5-15 м - ден аспайды. " В " және " C " типті талшыктар вегетативтік жүйкелер . В лийге дейінгі , ал C - ганглийден кейінгі талшықтар . С - типті организм дегі ең жіңішке жүйке талшықтары . Бұлар козуды өте жай , секундіне 0,5-3 м жылдамдықпен өткізеді . Мұнымен бірге сомалық жүйкелердің вегетативтік жүйкелерге , миелинді жүйкенің миелинсіз жүйкеrе , ал козғалтқыш жүйкенін сезгіш жүйкеге қарағанда козғыштык касиеті жоғары болады. Қозғыш жүйкелер козғыштық қасиеті төмен жүйке дерден гөрі козу үрдісін тезірек өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |