Қозғыш тіндердің жалпы қасиеттері. Қозғыштықтың кезеңдері. Қозғыштықтың өлшемдері



бет23/42
Дата21.02.2022
өлшемі93,02 Kb.
#26026
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42
Мишықтың функциялық маңызы.

Мишық - арнаулы жолдар арқылы мидың барлық бөлімдерімен байланысады. Мишық құрылысының күрделілігі, байланысының молдығы нәтижесінде дене қимылының үйлесімін, дене кейпі мен тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Оның қатысуымен бұлшық ет тонусы өзгеріп, қимыл әрекет кезінде жеке ет топтарының жиырылу күші реттелініп, орынсыз қимылдар байқалмайды. 

Құстарда мишық өте жақсы жетілген, ол тепе-теңдікті сақтауда маңызды рөл атқарады. Мишықты алып тастаса алғашқыда құстар жүру және ұшу қабылетінен айырылады. Бірақ ол азық, су қабылдау қабілетін жоғалтпайды. Біраз уақыт өткен соң құс қиын болса да жүріп, ұша бастайды.

Мишық организмнің қимыл-әрекетімен қатар, оның вегетативтік қызметіне де әсер етеді. Мишықты тітіркендіргенде көздің қарашығы үлкейіп, артерия қысымы жоғарылайды, тамырдың соғуы жиілейді, қажыған еттің жұмыс қабілеті қалпына келеді, демек симпатикалық эффект байқалады. Мишықты алып тастағаннан соң ас қорыту жолының қимылы баяулап, қарын мен ішек сөлінің бөлінуі әлсірейді, қуат шығыны артады, бұлшық еттің қантты сіңіруі нашарлайды, еттің нәрленуінің бұзылуы салдарынан атрофия (сему) басталады. Баяндалған жайлар мишықта симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелену орталығы орналасады деген болжам жасауға мүмкіндік береді. 




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет