Қозғыш тіндердің жалпы қасиеттері. Қозғыштықтың кезеңдері. Қозғыштықтың өлшемдері



бет5/42
Дата21.02.2022
өлшемі93,02 Kb.
#26026
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Мембрананың  қызметі:

1) Клетка   ішін  бөлімдерге  компартменттерге  бөлу.

2) Заттардың  талғамды  өткізгіштігін  қамтамасыз  ету.  Клетка  ішіндегі  оттегі, көмірқышқыл  газы,  су  оңай  өтеді  де,  басқа  заттардың  өтуі  қиындай  түседі  және  бұл  өткізгіштік  олардың  майларда  және  суда  ерігіштігіне  тәуелді.

Активті тасымалдау. Заттардың арнайы энергияны пайдаланып, электрохимиялық градиентке қарсы ауысуы.

Пассивті тасымалдау. Зат тасымалы электрохимиялық потенциалдың кемуімен,яғни энергия шығынын қажет етпейтін тасымалды айтамыз.


  1. Мембраналық потенциал, оның мөлшері, пайда болуының негізі.


Мембраналық потенциал дегеніміз-протоплазма потенциалымен жасушаның сыртқы бетіндегі потенциалдың арасындағы айырмашылық.Мембрананың сыртқы беті әдетте оң, ал ішкі беті теріс зарятталған.

Тірі тінде биопотенциалдардың пайда болуы жөніндемембраналық-иондық,фазалық, зат алмасу, көп электрлік теориялар бар. Бұлардың ішінде әсіресе мембраналық-иондық теория танымал. Оны алғаш 1902 жылы неміс ғалымы Ю.Бернштейн болжам (гипотеза) ретінде ұсынған. Кейін ағылшын ғалымдары А.Хаксли мен А.Ходжкина (1940-1952жж) бұл теорияны тәжірибе жүзінде алынған көптеген деректермен дәлелдеді.

Мембраналық-иондық теория бойынша мембраналық потенциалдың пайда болуы протоплазма мен жасушааралық сұйықтықтағы иондық өлшемдестікке байланысты.Осы себепті мембрананың екі беті әртүрлі зарядты. Жасуша протоплазмасы мен жасушааралық сұйықтықта иондар түрі мен санының ассиметриясын дәлелдейтін мәліметтер жеткілікті. К+ катионының протоплазмадағы мөлшері жасушааралық сұйықтықтан 30-50 есе артық, ал Na+ ионы жасушааралық сұйықтықтан 8-10, Cl+ анионы 50 есе көп. Жасуша сыртында мембрананың ультра құрылысы электрондық микроскоп арқылы анықталады. Мембрана 3 қабатты белок-липид молекулаларынан тұратын және онда диаметрі бірнеше нанометр саңылаулар мен микротүтіктердің бар екені дәлелденді. Теория бойынша мембрана иондары талғамай өткізе бермейді: ол арқылы кейбір иондар тез, екінші бір иондар баяу өтеді не өтпей ұсталып қалады. Мәселен, Na+ иондары мембрана арқылы тез өтсе,К+ катионы баяу өтеді, ал аниондардың көбі және белок молекулалары өтпейді. Бұл оның саңылауларының кең-тарлығына байланысты емес, оған микротүтіктердің заряды мен одан өтетін иондар зарядының қарым-қатынасы және мембранадан өтетін заттардың липидтерде еру-ерімеу дәрежесі де себепкер.


  1. Әрекет потенциалы, оның кезеңдері. Әрекет потенциалы кезеңдері мен қозғыштық кезеңдерінің арақатынасы.

Белгілі бір тінде тітіркендіргіштің әсерінен қозу үрдісі пайда болған сәтте туатын потенциалды - Әрекет Потенциалы деп атайды.Оның кезеңдері

  1. Деполяризация- бұл мембраналық потенциалдың жоғалып барып , қайта көтеріліп шың дәрежесіне жетуі

  2. Реполяризация- әрекет потенциалы төмеендеп біртіндеп мембраналық потенциалдың мөлшері мен зарядының қалпына келуі

  3. Жергілікті жауап- тітіркену күші әсер еткен жерде мембрана аздап үйкеледі және мембраналық потенциал мөлшері төмендейді. Мембранада Na+ ионына өткізгіштік жоғарылайды, ал жасуша ішіне Ka ионы өте бастайды осы кезеңді жергілікті жауап кезеңі деп атайды

  4. Теріс іздік потенциал- реполяризация аякталысымен әрекет потенуиалының төмендеуі белгілі бір деңгейде 15мс кідіреді. Осы кезде потенциал шамасы мембраналық потенциалдан төменірек, және қозуы аздап болады. Осы кезең теріс іздік кезең деп аталады

  5. Оң іздік кезең- реполяризация аяқталып мембраналық потенциалдың қайта қалпына келуін айтамыз.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет