Өзге ұлт мектептерінде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың БҮгінгі технологиялары г. Н. Мұқанова



жүктеу 34.14 Kb.

Дата31.03.2017
өлшемі34.14 Kb.

ӨЗГЕ ҰЛТ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ  

БҮГІНГІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 

 

Г.Н.Мұқанова,  

А.Безьянова  

БҚО, Теректі ауданы 

 

Тіл  туралы  заңға  сәйкес  республикада  мемлекеттік  тіл  –  қазақ  тілін  дамыту,  қоғамдық  ортада 



оның  әлеуметтік  қолдану  аясын  кеңейту,  республикада  тұратын  түрлі  ұлттардың  қарым  –  қатынас 

құралына  айналдыру  мақсатында  көптеген  маңызды  істер  жүзеге  асырылады.  Соның  бірі  –  ұлт 

мектептерінде, әсіресі, орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту. 

Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі пәнінің оқытылуына ерекше мән беріліп отыр. 

Орыс  мектебінде  қазақ  тілін  оқытудың  басты  мақсаты  –  оқушыларды  осы  тілде  ауызекі  сөйлеуге 

үйрету,  қазақ  тілін  сөйлесу  құралын  айналдыру.  Осыған  жету  үшін  оқушылардың  пәнге  деген 

қызығушылығын, жауапкершілігін арттыруымыз керек. 

Қоғамымызда болып жатқан үрдістерге байланысты болса керек, бүгінгі оқушы жастарымыздың 

негізі – прагматиктер. Олардың санасында: «Маған қазақ тілі пәнін оқу не үшін керек, пайдасы бар ма? 

»  -  деген  ой  тұрады.  Сондықтан  тіліміздің  қоғамдағы  мән  –  маңызының  қандай  екенін,  болашағы 

туралы  жан  –  жақты  түсіндіру  –  мұғалімнің  міндеті.  Қазақ  тілі  оқушыға  ертеңгі  күні  үлкен  өмірге 

араласқанда  оның  қоғамдағы  қызметіне  көмегін  тигізетін,  жұмысында  күнделікті  өміріне  қажетіне 

жарайтында білім бере алатын аса білікті пәндердің қатарынан орын алуға тиіс. 

Қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл  ретінде  оқытудың  мақсаты  –  коммуникативтік,  тілдік  мәдени  – 

танымдық біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу. 

Мемлекеттік  тілдің  әлеуметтік  –  коммуникативтік  қызметінің  негіздерін  меңгеру  мақсатында 

мынадай міндеттерді шешу қажет: 

 

Қазақ  тілінде  сөйлеу  және  жазу  икемі  мен  дағдыларын  қалыптастыру,  яғни  коммуникативтік 



біліктілікті қалыптастыру. 

 

Қазақ  тілінің  тілдік  білім  негіздерінің  жүйесін  танып  білу,  яғни  тілдік  біліктілікті 



қалыптастыру. 

 

Қазақ  халқының  мекенін,  тарихын,  рухани  және  материалдық  мәдениетін,  тұрмысын  таныту, 



яғни тарихи – мәдени таным біліктілігін қалыптастыруды көздейді. 

Қазақ тілін оқыту үрдісіне коммуникативтік бағыт бере отырып, қазақ тілінен алынған білімін іс 

жүзінде, жоғары оқу орындарында, еңбек ету барысында пайдалана білу, ісіне асыру. Ауызекі сөйлеу 

тілін  білген  адам  оны  өзінің  кәсіби  құзыры  деңгейінде  арнайы  Әдебиеттерінде  оқуға,  хабар  алмасуға 

және  кәсіптік  іскерлігін  жетілдіру  мақсатында  пайдалана  алады.  Қос  тілді  қатар  қолдану  қоғамында 

өмір сүргендіктен, дәрігер мұғалім және басқа да мамандық иелері өздерінің кәсіби міндеттерін жоғары 

деңгейде атқару үшін тілді білу керек. 

Қазақ тілін оқып - үйрену үрдісінде қазақ халқының тарихын, әдебиетін, әдет –  ғұрпын, салтын, 

ғылымын,  ән  –  күйін,  кескін  өнерін,  қол  өнерін,  сөз  өнерін,  ғалымдарын,  ақын  жазушыларын,  еңбек 

адамдарын,  кітап  оқу  арқылы  танып  білетін  болады.  Тілін  үйреніп  отырған  халықтың  тарихи 

ескерткіштерін, тұрмыс жағдайын білуге деген зейіні артады. 

Қазақ  тілі  сабағын  қызықты  да,  пайдалы  өткізу  үшін  қазіргі  жаңа  технологияларды  пайдалан 

қажет. Олар: 

 

Дөңгелек тапсырмалар 



 

Проблемалық оқыту 

 

Ұжымдық оқыту, т.б. 



Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретудің өзіне тән әдістері бар. Олар: 

-

 



сұрақ – жауап; 

-

 



суретті немеесе көрнекілікті пайдалану

-

 



аударма; 

-

 



сөйлем немесе сөз тіркесін толықтыру

-

 



мәтін бойынша әңгімелесу

-

 



тест сауалдарымен жұмыс; 

-

 



деігейлік тапсырмалармен жұмыс

-

 



мақал – мәтелдер жарысы; 

-

 



өлең – тақпақтар жарысы; 

-

 



сөзжұмбақты шешу, т.б. 

Сабақ  жоспарын  дайындағанда,  ондағы  оқушылардың  жұмыс  түрлерін  жоспарлағанда  әр 

мұғалім, әрине, олардың жеке қабілеттерін, жас ерекшеліктерін есепке алады. 


Аударма  әдісін  басқа  тіл  оқытудағы  дәстүрлі  және  қарапайым  әдіс  деп  айтуға  болады.  Оқушының 

сөйлеу мәнерін, сауатты жазуға үйретпесе де, аталған әдістің өзінің жағымды жақтары бар. Мәтінді аудару 

үшін оқушы оны оқып шығады – оқу техникасы қалыптасады, сөйлем құрылысын меңгереді, жаңа сөздерді 

есіне алу арқылы сөздік қорын дамытады, логикалық ойлауы да дамиды. 

Сөйлем  және  сөзді  толықтыру  әдісі  оқушылардың  ойлау  қабілеттерін  дамытады,  пәнге  деген 

қызығушылығын  арттырады.  Мысалы,  5  –  сыныпта  «Күз»  модулін  өткенде  осы  тақырыпқа  сөйлем 

толықтыру тапсырмаларын беруге болады: 

Күзде ауа райы ... болады. 

Ағаш жапырақтары ... 

Жиі – жиі ... жауады. 

Солтүстіктен суық ... соғады. 

Мәтінге  сұрақ  қою  арқылы  оның  мазмұны  бойынша  әңгімелесу  оқушылардың  тілін 

жаттықтырады,  ойды  дұрыс  және  толық  жеткізуге  үйретеді.  Осы  жұмысты  түрлендіру  мақсатында 

сұрақтарды мұғалім де оқушылар да қояды. Олар бір – біріне сұрақ қойып, жауап береді, қажет болса, 

жауапты толықтырады. Жұмыстың осындай түрі оқушыларға ұнайды, сондықтан олар белсенді түрде 

қатысады. 

Мақал  –  мәтелдер,  өлең  -  тақпақтар  жарыс  оқушылардың  есін  дамытады,  тілін  жаттықтырады, 

мәнерлеп оқуға дағдыландырады, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелейді. Осы жарыстарды 

топпен өткізуге тиімді, балалар бір – бірімен кеңесіп дұрыс жауап береді. Екі топқа тапсырма беріледі: 

белгілі бір тақырыпқа мақал – мәтелдерді айту немесе мақалды аяқтау, мысалы, «Оқу – білім бұлағы...» 

Оқушылардың  сабаққа  деген  қызығушылығын  арттыру  және  уақытты  ұтымды  өткізуіне  тірек 

сызбаның әсері зор. 

Тірек сызбалар – негізінде барлық оқушылардың сөйлеу тілін арттыру мақсатында пайдаланатын 

тәсілдің бірі. 

Тірек  сызбалар  жаңа  тақырыпты  жеңіл  түсінуге,  есте  сақтап  қалуға  көмектеседі.  Негізінде 

орташа оқитын оқушыларға пайдаланған өте тиімді: себебі олар схема бойынша сөйлем құрастырып, өз 

ойларын  айтып  жеткізуге  үйренеді,  сабаққа  қызығады  еңбектенуге  талпынады.  Тірек  сізба  бере 

отырып,  сұхбат  құрғызу  орыс  тілді  балаларға  қазақша  сөйлеу  дағдысын  қалыптастыруға,  ойлау 

қабілеттерін  арттырып,  сөйлемдер  құрастыра  үйретуге  мүмкіндік  береді.  Тірек  сызбаны  пайдалану 

оқушыны  сөйлеу  ғана  емес,  олардың  оқу  –  таным  белсенділігін  арттыру,  ой  –  өрісін  кеңейту  үшін 

қажет.  Мұндай  тірек  схемалардың  тиімділігі,  біріншіден,  түгел  сыныптағы  оқушыларды  қамтиды, 

екіншіден,  сөйлем  құрастыруға,  сұрақ  қойып,  оған  жауап  беруге  көмектеседі,  үшіншіден,  әңгіме 

құрастырып,  оны  әңгімелеп  беруге  үйренеді  және  есінде  сақтауға  ықпалын  тигізеді,  төртіншіден, 

оқушыны  пәнге  қызықтырады,  ынтасын  арттырады  және  мұғалімге  сенімді  көмекші  Осы  арқылы 

оқушылар қиын тақырыпты жеңіл меңгереді, үлгерімі нашар оқушылар да белсенділік арттырады.  

«Қазақ  тілі  мемлекеттік  тіл  ретінде  қоғамымызда  халықтар  арасында  ізгілік  қатынасты, 

келісімділікті  нығайтуға  қызмет  етеді.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттігін,  территория 

тұтастығын,  халықтар  достығын,  Ата  заңын,  мемлекеттік  рәміздерін  құрметтеуге  үндей  отырып, 

оқушылар  бойында  қазақстандық  патриотизм  сезімін  қалыптастырады»,  деп  қазақ  тілі  стандартында 

көрсетілген.  Ел  басы  Нұрсұлтан  Назарбаев  өзінің  «Тарих  толқынында»  деген  еңбегінде  былай  дейді: 

«Қазақтың ұлттық тұтастануы үшін табан тірейтін негізгі ғұмыр – мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін 

дамыту...  Дауға  салса  –  алмастай  қиған,  сезімге  салса  –  қырандай  қалқыған,  өмірдің  кез  келген 

орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байыры, әрі мәңгі жас, отты де ойнақы Ана тілінен артық бұл 

дүниеде қымбат не бар екен? » 

Сонымен,  мемлекеттік  тілді  оқыту  қазақ  халқының  тарихымен,  қайталанбас  өзіндік 

мәдениетімен,  тарихымен  тағы  басқа  жақсы  қасиеттерімен  таныстырумен  ұштастыра  жүргізілсе, 

жаңалық пен жақсылыққа жаны құмар, ең алдымен, ұлты басқа балалардың қазақ тілі сабағына ынта – 

ықыласын, арттырады, қызықтырады. 



 

Әдебиеттер 

1.Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  және  инновация  мәселелері  //  Халықаралық  ғылыми-практикалық 

конференция материалдары. Алматы, 2008. 

2.Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы. Алматы, 2002. 

3.Махмутов М.И. Теория и практика проблемного обучения. Казань, 1998. 

 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал