Ойын ойнау: «Ақылды ағаш»
Ойын шарты: Өсіп тұрған ағаштын жапырақтары күзде сарғайып түсіп қалған, ол жаман жапырақтар. Неге? Балалар бір-бір сарғайған жапырақтардын астын оқиды, онда жағымсыз сөздер жазылған (ақымақ, жылауық, еріңшек, жалқау, өкпешіл, өтірікші) осы жапырақтарды лақтырып тастап, ағашқа жаңа жасыл жапырақтарды іледі, онда жағымды сөздер жазылған, балалар сөздерді оқып ағашқа іледі : «Қайырымды бала», «Мейірімді бала», Әдепті бала», «Рақымды бала», «Қамқор бала», «Сыйлағыш бала».
Жәймен көзіңді жұмып мені тыңдаңыздар. Тамаша таңертеңгі ашық күнді елестетіңіз. Сіз тынық та ерекше көлдің жағасындасыз. Тек қана сіздің тыныс алғаныңызбен судың сылдыры ғана естіледі. Күн жарқырап нұрын төккен сайын сіз өзіңізді жақсы сезінесіз. Құстардың сайрағанымен шегірткенің шырылын естисіз. Сіз салмақтысыз. Ауа таза және мөлдір, сіз барлық денеңізбен күн жылуын сезінесіз, сіз осы тыныш таңертеңгі мезгіл сияқты бірқалыпты және қозғалыссыз тұрсыз. Сіз өзіңізді бақытты сезінесіз. Барлық дене мүшелеріңіз тыныштыққа және күн нұрына бөленуде. Сіз жақсы дем алудасыз. Енді жайлап көзімізді ашамыз. Біз тынығып, көңіл-күйіміз жақсарады, сергекпіз жағымды сезімдер күні бойы бізбен бірге болады.