Ойын. «Көмектесе білейік»
Балалар шеңбер құрып тұрады. Ойынның шарты бойынша мұғалімнен допты қағып алған бала өзінің берген көмегі туралы (қолғабыс болсын, сөзбен көмек болсын, ақыл айту көмегі болсын) айтуы қажет екенін түсіндіреді. Мұғалім өз тарапынан көрсетілген «көмек» туралы айтып, «Мен сіздерге оқуға көмектесемін» айтып бір балаға допты лақтырады. Допты қағып алған бала өз тарапынан көрсетілетін көмек туралы айтып келесі балаға допты лақтырады. Ойын осылайша жалғаса береді.
Келесі тапсырманы орындау үшін мұғалім балаларға «Жанұядағы көмек» «Дотық көмек», «Өз-өзіне көмек» деп жазылған карточкалар таратылады. Дәл осылай карточкалар үш партаның бетінде болады. Сонымен балалар карточкадағы жазумен өз парталарын тауып, үш топқа бөлінеді.
|
Оқушылар сергіту жаттығуларын жасайды
|