Ақ қағаз, оқулық,үлестірме материалдар, жеке суреттер.
Тапсырмалар
|
АКТ. «Жұбын тап» ойыны. Топтық жұмыстар. Шығармашылық тапсырма. Венн диаграммасы.
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
Топқа бөлу
|
Тыныштық сәті: Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады..
Топ ережесін қайталап, еске түсіру.
|
Оқушылар
қимыл- қозғалыстарды қайталайды.
|
АКТ
Топ ережесі жазылған постер
|
Білу
|
(1 сынып «Өзін - өзі тану» оқулығы)
Ә. Табылдиевтің «Ағайынды екі қыз» әңгімесі оқуға берілген болатын.
Сұрақтарға жауап алу:
Екі қыздың қайсысымен дос болар едіңдер?
Шыншылдық дегенді қалай түсінесің?
Сеніңше шыншыл бала қандай болады?
Шындық не үшін керек деп ойлайсыңдар?
Балалардың жауаптары тыңдалып, түйінделеді
- Жарайсыңдар, балалар! Өте дұрыс айтасыңдар! Жақсы бала әдепті, сыпайы, қамқор, қайырымды, жауапкершілікті болады. Сондай жақсы қасиеттердің бірі - шыншыл болу, өтірік айтпау.
|
Оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды
|
Тақта
Жеке сөздер жазылған қағаздар
|
Түсіну
|
Мәнерлеп оқу
Мазмұнымен танысу
|
Оқушылар іштей, дауыстап, тізбектеп оқиды.
|
«Өзін-өзі» оқулығы.
|
Қолдану
|
Жаңа тақырып бойынша тапсырма
1 топ: сурет салу
2 топ: өлең жазу
3 топ: коллаж
|
Өлеңге сүйеніп сурет салады.
|
«Өзін-өзі тану» оқулығы
Ақ қағаз, қарындаштар
|
Талдау
|
Кестемен жұмыс
|
Оқушылар топпен сол сөздерді тауып жазады.
|
оқулық
|
Сергіту сәті.
|
Топпен ән айту.
«Балдырғандар әні (Музыка 1 сынып \ өзгертілген \)
Сөзін жазған: О. Әубәкіров Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов
Қуанышқа бөленген әр күніміз,
Бақыттымыз балалар барлығымыз.
Қайырмасы: Өмір тым жайдары
Қызықтың қайнары
Мектебіміз жайнады \рет\
Біз Отанның балдырған ұлдарымыз,
Әдептілік, шыншылдық ұранымыз.
Қайырмасы
|
Оқушылар сергіту жаттығуларын жасайды
|
|
Жинақтау
|
«Жүрдек пойыз» топ болып сабақта алған білімдерін, ойларын ортаға салады.
|
Тақтаға шығып тапсырманы орындайды
|
Тақта
|
Рефлексия
|
Тыныштық сәті
Жәймен көзіңді жұмып мені тыңдаңыздар. Тамаша таңертеңгі ашық күнді елестетіңіз. Сіз тынық та ерекше көлдің жағасындасыз. Тек қана сіздің тыныс алғаныңызбен судың сылдыры ғана естіледі. Күн жарқырап нұрын төккен сайын сіз өзіңізді жақсы сезінесіз. Құстардың сайрағанымен шегірткенің шырылын естисіз. Сіз салмақтысыз. Ауа таза және мөлдір, сіз барлық денеңізбен күн жылуын сезінесіз, сіз осы тыныш таңертеңгі мезгіл сияқты бірқалыпты және қозғалыссыз тұрсыз. Сіз өзіңізді бақытты сезінесіз. Барлық дене мүшелеріңіз тыныштыққа және күн нұрына бөленуде. Сіз жақсы дем алудасыз. Енді жайлап көзімізді ашамыз. Біз тынығып, көңіл-күйіміз жақсарады, сергекпіз жағымды сезімдер күні бойы бізбен бірге болады.
|
Оқушылар пікір-
лерін жазады.
|
Стикерлер
|
Келесі тапсырма
|
Дәйексөзді жаттап алу
|
Мазмұнын талдайды
|
«Өзін-өзі» оқулығы.
|
Бағалау.
|
Жиынтық бағалау: оқушыларды мадақтап, бағалау.
|
Смайликтерді санайды.
|
смайликтер
|