Өзін-өзі бағалау тексеру парағы: Өзін-өзі бағалау тексеру парағы


Сарыкөл жалпы орта білім беретін мектебінде 2020-2021 оқу жылында



бет17/35
Дата11.10.2024
өлшемі135,42 Kb.
#147741
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
Байланысты:
Бағалау парағы (1)

Сарыкөл жалпы орта білім беретін мектебінде 2020-2021 оқу жылында рухани – адамгершілік тәрбиесін іске асыру бағытында жасалған жұмыстардың бірі ол діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары. Жылдық жоспар бойыша насихаттаушы – ақпараттық топ құрамы құрылып, жылдық жұмыс жоспары бекітілді. Жылдық жоспар бойынша «Терроризмге қарсы күрес туралы» заңымен ұжым таныстырылды. Діни секталарға үгіттеуді шектеу мақсатында ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Діни ұйымдарға баратын отбасыларды анықтау мақсатында диагностика жүргізілді.Нәтижесінде мектепте намаз оқитын, үнемі мешітке баратын, ата-анасы дін жолында жүрген оқушылар жоқ. Мектеп ішіндегі оқушылардың киім кию ережесі туралы түсінік жұмыстары жүргізу, сақтау, қадағалау туралы жұмыстар жүргізілді. Бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында мектеп оқушыларын спорттық, мәдени үйірмелерге тарту жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді. Сонымен қатар 5-11 сынып оқушыларына діни экстермизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында сынып жетекшілері тәрбие сағаттарын ұйымдастырды. Мектебімізде 9 сынып оқушыламен «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы жүргізіледі. Курсты тарих пәні мұғалімі Г.Т.Жұмағалиева жүргізеді.
Сарыкөл жалпы орта білім беретін мектебі бойынша «Рухани-адамгершілік және азаматтық патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру» бағдарламасын басшылыққа ала отырып 2020-2021 оқу жылына арнап ақпараттық топ құрылды. Ақпараттық топтың 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспары құрылып 1-11 сынып оқушыларын сыбайлас жемқорлықтың алдын –алу шараларына тарту мақсат етіп қойылды. Жоспар бойынша білім алушылардың ата-аналарымен заңсыз ақша жинауға жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізілді. «Жемқорлыққа жол жоқ» сурет көрмелері, тренингтер, сыныптан тыс шаралар, апталық жұмыстар, «Сенім жәшігі» мен «Сенім телефонының» жұмысы жоспар бойынша уақытылы ұйымдастырылып отырылды.
Білім алушы бойында рухани-адамгершілік тәрбиесін іске асыру мақсатында «Қоғамға қызмет» волонтерлар клубы құрылды. Жауапты болып химия пәні мұғалімі С.Сариева бекітілді. Құрамына орта, жоғары буын оқушыларынан ерікті түрде қосыламын деген оқушылар тіркелді. Негізгі мақсат мектеп оқушыларын білім ордасымен қатар ауыл ішінде өткізілетін шараларға ерікті түрде қатыстыру, мектептің, ауылдық дамуына, гүлденуіне үлес қосу.
Сарыкөл жалпы орта білім мектебінде 2020-2021 оқу жылы бойынша азаматтық – патриоттық тәрбиені іске асыру бойынша «Жас Ұлан» ұйымының жұмыс жоспары құрылып, жұмыстар жүргізілуде. Ұланбасы тағайындалады және мүшелер сайланады. Ай-сайын отырыстар ұйымдастырылады.
Қорытынды «ЖасҰлан» ұйымының қоғамдағы өзгеріске бейімдеуге, әлеуметтік жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғамдағы бірлестіктің ғылыми - әдістемелік қызметін жандандыру.Тәрбиелік - оқыту бағдарламасын тиянақты өткізу, ұйым жұмыстарын жаңаша түрде ұйымдастыру.
Азаматтық –патриоттық тәрбиені жоспарлау мақсатындағы жұмыстың бірі ол «Жас сарбаз» клубы. «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының жылдық жұмыс жоспары 9-11 сынып оқушыларына арналып жасалған. Жоспарлау уақытында оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып, тақырыптар таңдалған. Қазіргі кездегі тәрбиенің бір бағыты ол – патриоттық тәрбие. Оқушыларды Отансүйгіштікке баулу, барлық буындағы ең өзекті мәселе. Оның ішінде патриоттық тәрбиенің әскери саламен байланыстыру балалар үшін өте қызықты тақырып болмақ. Клубтың негізгі мақсаты оқушылар арасында әскери мамандықты кеңінен насихаттау, елдің тарихын ұғындыру, батырлар өмірімен таныстыру, Қазақстанның армиясымен таныстыру, жаныңдағы адамдардың жақсылығын бағалау алу, қоғамдағы өз орныңді білу. Тақырып барысында түрлі деңгейдегі сайыстар ұйымдастырылған.
2020-2021 оқу жылында көркем-эстетикалық тәрбиені іске асыру мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілді. Атап айтсақ «Сымбат» қыз балалар клубының жұмысы. «Сымбат» қыз балалар клубы мектебіміздегі қыздармен жұмыс жүргізетін клубтың бірі. Жетекшісі болып орыс тілі пәні мұғалімі А.А. Коразова бекітілді. Жылдық жоспар құрылып, жұмыстары уақытылы жүргізіліп отырылды. Жоспар бойынша оқу жылының басында алғашқы отырыс ұйымдастырылды. Мұнда қыздар жетекшімен бірге жылдық жоспарды талқылап, бекітуге ұсынады. Клубқа жаңадан қосылған қыздарға бойжеткен ережелерімен таныстырылды. Жыл бойы жоспар бойынша барлық жұмыстар өткізіліп, жылдық отырыстар болып хаттамалары жазылды.
2020-2021 оқу жылында «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ 2020 жылғы 11 наурыздағы № 2-1213 хаты негізінде «Ұшқыр ой» дебат клубы құрылды. Клубқа 8-11 сынып оқушылары қабылданды. Жетекшісі болып Г.Т.Жұмағалиева бекітілді. Жылдық жоспар құрылып, оқушылармен жұмыстар жүргізілді.Мектептік дебаттық клуб білім беру ұйымы директорының бұйрығы негізінде құрылады. Мектептік дебаттық клуб қызметіне жалпы басшылық пен бақылауды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жүзеге асырады. Сарыкөл жалпы орта білім беретін мектебінде «Жігер» дебат клубы құрылды Мектептік дебаттық клубы әкімшілікпен, мектеп мұғалімдерімен, қосымша білім беру мұғалімдерімен және аймақтық дебаттық клубының жетекшілерімен өзара тығыз байланыс жасайды. 1)Қашықтан өткізілген республикалық «Ұшқыр ой алаңы» дебат турнирінің облыстық кезеңіне қатысып, шығармашылық қабілетін көрсете білгені үшін «Үздік ойыншылар» номинациясымен Уахитова Хадиша мен Серікбаев Димаш марапатталды.2) Қашықтан өткізілген облыстық «Қазақстан және Елбасы» атты дебат турниріне қатысып, шығармашылық қабілетін көрсете білгені үшін «Үздік көрермен сұрағы» номинациясымен Серікбаев Димаш марапатталды.
2020-2021 оқу жылында еңбек және дене тәрбиесін іске асыру мақсатында төмендегі жұмыстар ұйымдастырылды. Мектеп оқушыларының бос уақыттарын тиімді пайдалану, каникул уақытында оқушыларының бос жүрмей тиімді іс-әрекетпен айналысуын қамтамасыз ету мақсатында спорт үйірмелерінен үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ,футбол, волейбол үйірмелері ақысыз түрде жұмыс жасады. Оқушылар бос уақыты спорт үйірмелеріне қатысып отырды.
Еңбек және дене тәрбиесін іске асыру мақсатында ұйымдастырылған жұмыстардың бірі ол мектепте әкелер қауымымен бірлесе жұмыс жасау еді. Осыған орай мектебімізіде «Ұлағат» атты әкелер мектебі ашылды. Жылдық жоспары құрылып, жылына 3 рет отырысы ұйымдастырылып отырылды. Әкелермен байланысы отырып түңгі кезекшілік, мектепішілік шаралардағы кезекшілік, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатындағы жұмыстар, салауатты өмір салтын насихаттау барысындағы жұмыстарда әкелермен байланыс болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет