1 қыркүйек «Білім күні» мерекесі аясында сыныптарда тақырып аясында тәрбие сағаты өткізілді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Жұқпалы аурулардың алдын алу», « Коронавирустық инфекциясының алдын алу» тақырыптарында 1-11 сыныптар арасында мектеп медбикесінің және де басқа да дәрігерлердің қатысуымен онлайн түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ұстаздар мерекесіне орай 11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік»атты іс шара өткізілді.Мерекеге орай «Естелік фотосурет»,«Мұғалімге құрмет» акциясы және «Менің алғашқы ұстазым» тақырыбында құттықтаулар, «Ұстаз –бала жанының бағбаны» тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Ұстаздар мерекесіне орай ардагер ұстаздарымызды құттықтап, сыйлықтар табысталды.
11-қазан халықаралық қыздар күніне орай сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен «Қыз әдебі», «Қыз бала –ұлттың ұяты,халықтың шырайы», «Қыз тәрбиесі –ұлт тәрбиесі» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді.
21-23 қазан күндері барлық сыныптарда инстаграмм желісі арқылы «Берекелі күз» атты сайыс өткізілді. Оқушылар белсене қатысып, номинация бойынша марапатталды.
20 қазан мен 20 қараша аралығында өткізілген «Бала құқығы –адам құқығы» айлығының жоспарына сәйкес «Менің бақытты балалық шаққа құқығым» тақырыбында эссе жазу, «Заңдар әлеміне саяхат» тақырыбында сынып сағаттары және «Өз құқығыңды білмесең, олардың қорғалуын талап ете алмайсың» тақырыбында интеллектуалды сайыс сабағы ұйымдастырылды. Айлық барысында оқушылардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп инспекторы Достан Айдос оқушылармен онлайн кездесу ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мұғалімдер мен ата –аналардың қатысуымен түнгі рейдтер ұйымдастырылды.
ҚР Тұңғыш президенті күніне орай «Менің тұңғыш президентім» тақырыбында презентация байқауы және «Тұлға. Тарих. Елбасы» тақырыбында мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен көрме өткізілді.
Тәуелсіздіктің мерекесіне орай «Кең далаға төгілген Нұр Тәуелсіздік»тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды.
Жаңа жыл мерекесіне орай сыныптарда «Төрлет, Жаңа жыл» сынып сағаттары мен «Жаңа жылға тілек» айдары өткізілді.
Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты іс –шаралар аясында «Есіңе мені алғайсың» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы оқушылар мен ата –аналар арасында ұйымдастырылды.
Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту –асыл қасиет» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Наурыз мерекесіне орай сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен қашықтан «отбасылар күні» ақ орамал акциясы және қашықтан «Қош келдің, Әз Наурыз» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Жоғарыда кестеде көрсетілген іс-шараларда білім алушылардың тақырып аясында жаңа білімді меңгеруде, салт-дәстүрлерімізді сақтауда, жалпыадамзаттық құндылықтар аясында қоршаған ортаны қорғаудағы шаралар қамтылған апталық, онкүндік, айлық жұмыстарды өткізуде сынып жетекшілер, тәрбие саласының мамандары белсенділік танытты. Олардың өз жоспарларында да осы шаралар аясында тақырыптар қойылған. Әрбір жаңа жұмысты өткізу алдында сынып жетекшілермен отырыс, тәрбие саласы мамандарымен отырыс өткізіледі. Алдын ала қандай жұмыстар қамтылатындығы айтылады. Сынып жетекшілер жаңа мәліметтерді қамтитын танымдық сабақтар, тәрбие саласы мамандары (психолог, тәлімгер, әлеуметтік педагог, кітапханашы, үйірме жетекшілері) өз бағыттары бойынша жұмыстарын ұйымдастырып өткізеді. Сарыкөл жалпы орта білім беретін мектебінде 2020-2021 оқу жылында жүргізілген жұмыстардың барлығында санитарлық талаптар қатаң сақталды. Оқушылар арақашықтық сақтау, маска тағу талаптарын орындап жүрді.
Өткізілген іс-шаралар уақытылы Сарыкөл жалпы орта білім беретін мектебінің инстаграмм әлеуметтік желісінде 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап жарияланып отырылды. Әлеуметтік парақша атауы:sarykol_zhobb_mektebi.