Сарыкөл жалпы орта білім беретін мектебінде 2022-2023 оқу жылында рухани – адамгершілік тәрбиесін іске асыру бағытында жеке тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның адамгершілік қасиеттері мен көзқарастарын қайта құру туралы қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарына, нормалары мен дәстүрлеріне сәйкес келетін "Рухани жағырудың" құндылық негіздері туралы терең түсінік қалыптастыру мақсатында жұмыстар жасалды. Жылдық жоспар бойыша насихаттаушы – ақпараттық топ құрамы құрылып, жылдық жұмыс жоспары бекітілді.
Тамыз, қыркүйек айларында әлеуметтік педагог, Мукашева Газ қамтылған отбасы балаларына көмек көрсету үшін «Мектепке жол» акциясын өткізді.
Жыл бойына мектеп психологы Өмірғалиева Г «Сенім жәшігі» жобасын қадағалады.
Қазан айында Жанасаева Ж. «Ұстазым менің ұстазым!» мерекелік концертін ұйымдастырды.
ДТІЖО, тәлімгер және өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 2022 жылдың қазан айында «Қартым қазынам!» акциясы өткізілді
Жұмағалиева Г.Т желтоқсан айында «Қоғамдық орындардағы этикет ережелері» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
2023 жылдың қаңтар айында Жанаева А.И «Жақсы мінез-жан сұлулығы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты.
Сарыкөл жалпы орта білім беретін мектебінде 2022-2023 оқу жылында ұлттық тәрбиені іске асыру бағытындажеке тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға, мемлекеттік тілге, Қазақстан халқының мәдениетіне құрмет көрсетуге бағыттау мақсатында жұмыстар жасалды.
ДТІЖО, «Қазақ тілі», «Ағылшын тілі», «Орыс тілі» пәндері әдістемелік бірлестіктері, сынып жетекші ұйымдастыруымен 05-10.09.2022 жыл аралығында «5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай апталығы өткізілді.
2022-2023 оқу жылының І жарты жылдығы бойынша азаматтық – патриоттық тәрбиені іске асыру бойынша «Жас Ұлан» ұйымының жұмыс жоспары құрылып, жұмыстар жүргізілуде. 1 қыркүйек білім күңіне байланысты «Кел балалар оқылық!» атты салтанатты жиын өтті. Жиында 1 сынып оқушылармен белсенді ұландар және ауыл әкімі, ардагер ұстаздар қатысты. 1 сынып оқушыларына әліппе берілді. Ұландар «Жас Ұлан» ұйымының жоспары құрылып, сол бойынша жұмыстар жүргізіледі. Ұланбасы тағайындалады және мүшелер сайланады. Ай-сайын отырыстар, мектепішілік апталық жиындар ұйымдастырылады. Ұландармен қырандардың күнделікті мектеп формалары, сабаққа кешікпей келуі тексеріліп тұрады. Сонымен қатар оқушылардың күнделіктер ай сайын тексеріледі. Зерде бағыты бойынша «Тәуелсіз ел ұланы, болашаққа үн қосқан» «ЖасҰлан» ұйымына салтанатты қабылдау жиын өтті. Жиында «Жасұлан» антты қабылданды. Ұландарға галстук төс белгі, қырандар төсбелгі тағылды. Төс белгілер мен галстук тағу үшін мектеп директор және ұстаздар шақырылды.
2022-2023 оқу жылында көркем-эстетикалық тәрбиені іске асыру мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілді. Атап айтсақ «Сымбат» қыз балалар клубының жұмысы. «Сымбат» қыз балалар клубы мектебіміздегі қыздармен жұмыс жүргізетін клубтың бірі. Жетекшісі болып А. Қоразова бекітілді. Жылдық жоспар құрылып, жұмыстары уақытылы жүргізіліп отырылды. Жоспар бойынша оқу жылының басында алғашқы отырыс ұйымдастырылды. Мұнда қыздар жетекшімен бірге жылдық жоспарды талқылап, бекітуге ұсынады. Клубқа жаңадан қосылған қыздарға бойжеткен ережелерімен таныстырылды. Жыл бойы жоспар бойынша барлық жұмыстар өткізіліп, жылдық отырыстар болып хаттамалары жазылды.
Ұлдар тәрбиесін жоспарлау мақсатындағы жұмыстың бірі ол «Азамат» ұлдар клубы. Клуб жетекшісі математика пән мұғалімі Ә.С. Жанғазы «Азамат» ұлдарклубының жылдық жұмыс жоспары 8-11-сынып оқушыларына арналып жасалған. Жоспарлау уақытында оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып, тақырыптар таңдалған. Қазіргі кездегі тәрбиенің бір бағыты ол – патриоттық тәрбие. Оқушыларды Отансүйгіштікке баулу, барлық буындағы ең өзекті мәселе. Оның ішінде патриоттық тәрбиенің әскери саламен байланыстыру балалар үшін өте қызықты тақырып болмақ. Клубтың негізгі мақсаты оқушылар арасында әскери мамандықты кеңінен насихаттау, елдің тарихын ұғындыру, батырлар өмірімен таныстыру, Қазақстанның армиясымен таныстыру, жаныңдағы адамдардың жақсылығын бағалау алу, қоғамдағы өз орныңді білу. Тақырып барысында түрлі деңгейдегі сайыстар жүргізілуде.
«Рухани-адамгершілік және азаматтық патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру» бағдарламасын басшылыққа ала отырып 2022-2023 оқу жылына арнап ақпараттық топ құрылды. Ақпараттық топтың 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары құрылып 1-11 сынып оқушыларын сыбайлас жемқорлықтың алдын –алу шараларына тарту мақсат етіп қойылды. "Адал ұрпақ" ерікті мектепішілік клубы қызметы ұйымдастырылды. Жауаптылар: ДТІЖО, тәлімгер. Жоспар бойынша білім алушылардың ата-аналарымен заңсыз ақша жинауға жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізілді. «Жемқорлыққа жол жоқ» сурет көрмелері, тренингтер, сыныптан тыс шаралар, апталық жұмыстар, «Сенім жәшігі» мен «Сенім телефонының» жұмысы жоспар бойынша уақытылы ұйымдастырылып отырылды.
2022-2023 оқу жылында «Жігер» дебат клубы құрылды. Клубқа 8-11 сынып оқушылары қабылданды. Жетекшісі болып тарих пән мұғалімі Г.Т.Жұмағалиева бекітілді. Жылдық жоспар құрылып, оқушылармен жұмыстар жүргізілуде. Жетекші мен оқушылар мектепішілік дебат клубымен қатар аудандық дебат клубының жұмыстарына белсене қатысуда. Оқушылардың аудандық дебат клубының жұмыстарына қатысу, сөз сөйлеу арқылы өздерінің білімдерін толықтыруда.Мектептік дебаттық клуб – «Жігер алаңы» оқушылардың мәдени-білім беру жалпыұлттық дебаттық қозғалысы негізінде құрылып, жалпымәдени, зияткерлік, зерттеушілік, коммуникативті, шешендік, азаматтық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының білім алушыларына арналған балалардың шығармашылық бірлестігі. Мектептік дебаттық клуб білім беру ұйымы директорының бұйрығы негізінде құрылады. Мектептік дебаттық клуб қызметіне жалпы басшылық пен бақылауды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жүзеге асырады. Сарыкөл жалпы орта білім беретін мектебінде «Жігер» дебат клубы құрылды Мектептік дебаттық клубы әкімшілікпен, мектеп мұғалімдерімен, қосымша білім беру мұғалімдерімен және аймақтық дебаттық клубының жетекшілерімен өзара тығыз байланыс жасайды. Ауданннан өткізілген турнирлерден Алғыс хатпен марапатталып отыр онлайн фарматта өткізлді . Жігер дебат мүшелері 20 оқушыдан құралған олар 8-11 сынып окушылары.