Сарыкөл жалпы орта білім беретін мектебінің 2022-2023 оқу жылындағы жұмыстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 277 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері», ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысымен бекітілген «ҚР Білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту туралы кешенді жоспары», Ақтөбе облысы білім басқармасының 2015 жыл 1 қыркүйегіндегі № 733 бұйрығымен күшейтілген Ақтөбе облысындағы тәрбие жұмыстарының 2013-2020 жылдарға арналған бағыт-бағдарламасы негізінде жылдық жоспар жасалынды. Жоспар 9 бағыт бойынша құрылды.
Тәрбие жұмысының өзекті мәселесі:Мектепте жоғары рухани қасиеттер мен шығармашылық белсенді азамат, әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыру үшін жағдай жасау.
Тәрбие жұмысының мақсаты: Мектепте оқушыларға құқықтық сананы қалыптастыру, ақпараттар арқылы саяси ойлау қабілеттерін, өз ойларынша сараптауды, жағдаяттарды бағалау, алған біліктерді өмір жағдаяттарында қолдана білуге және рухани қасиеттері мол шығармашыл белсенді азамат тәрбиелеу
Міндеттері:
Оқушылардың өздері өмір сүретін қоғамның мәдени құндылықтарын игеруіне, өзін тану әдістерін меңгеруіне ықпал ету.
Оқушы бойында өзінің денсаулығын сақтауға және адамгершілік дамуына деген саналы көзқарас қалыптастыруына жағдай жасау.
Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін жүзеге асыруға таңдау жасауға мүмкіндік туғызу.
Оқушыларға саяси мәдениетінің деңгейі мен құқықтық білімдері қалыптасуына жағдай жасау
Оқушылардың өздері өмір сүретін қоғамның мәдени құндылықтарын игеруіне, өзін тану әдістерін меңгеруіне ықпал ету.
Оқушыларға саяси мәдениетінің деңгейі мен құқықтық білімдері қалыптасуына жағдай жасау
Мектеп-оқушы-отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту
Әрбір жеке тұлғаның жеке шығармашылық қабілетін дамыту.
Табиғат қорғау дағдыларын, алған білімді іс жүзінде қолдана білу қабілетін қалыптастыру.
Құқықтық сауаттылық бар қалыптастыру үшін жағдай жасау.
Оқушылардың Қазақстан республикасы рәміздеріне сыластықпен, құрметпен қарауын қамтамасыз ету.