Сарыкөл жалпы орта білім беретін мектебінде 2022-2023 оқу жылындағы жұмыстар жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған, өз Отанын, елін, жерін құрметтейтін, салт-дәстүрін ұмытпай жаңғырту мақсатында жұмыс жасайтын тұлғаны қалыптастыру мақсатында тәрбие жоспары құрылды. Тәрбие жоспарын жасауда басшылыққа алынған құжаттарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы Әдістемелік нұсқау хаты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген 2019-2024 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерін іске асырудың іс –шаралар жоспары; Ақтөбе облысы білім басқармасының 2019 жылғы 19 тамыз № 252 санды, Ойыл аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін қабылдау туралы № 255 бұйрығы және 1) Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы; 2) Қазақстан Республикасының Конституциясы; 3) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV Кодексі; 4) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңы; 5) «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-ІY Заңы; 6) «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі № 169- VI Заңы; 7) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы; 8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; 9) ҚР БҒМ 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері; 10) ҚР БҒМ 2020 жылғы 12 маусымдағы № 248 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері іс-шаралар жоспарын басшылыққа ала отырып, мектебімізде тәрбие жұмысының іс-шаралар жоспары 8 бағыт бойынша жасалынған. Төмендегі кестеде 2022-2023 оқу жылының өткізілген шаралар қамтылған.