Өзін өзі бақылау үшін тапсырмалар



Дата06.01.2022
өлшемі189,5 Kb.
#11969
Байланысты:
1 тапсырма



Өзін - өзі бақылау үшін тапсырмалар:

  1. Механикалық қозғалысы дегеніміз не, механикалық қозғалыс қандай шамалармен сипатталады? Оларға физикалық анықтама берініздер.

  2. Бір қалыпты түзу сызықты және бірқалыпты үдемелі қозғалыстардың анықтамасын айтыныздар.Олардын айырмашылығы неде?

  3. Жылдамдық дегеніміз не?Оның бағытын қалай табады?

  4. Үдеу дегеніміз не? Өлшем бірлігін атаныз.

  5. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстың және жылдамдығының грфиктерін сызып, олардың теңдеуін жазыныздар.

  6. Бірқалыпты үдемелі қозғалыстың жылдамдық графигін сызып, формуласын жазыныздар.

  7. Қисық сызықты қозғалысқа анықтама берініздер, олардың қарапайым түрлерін атаныздар.

  8. Бұрыштық жылдамдық деген не? Оның өлшем бірлігі қандай?

  9. Центрге тартқыш үдеудің формуласын жазыныздар, бағытын көрсетіңіздер.

Дене кей жағдайда тұтас қозғалмай, оның жеке бөліктері ғана қозғалуы мүмкін. Мысалы, денешынықтыру кезінде тік тұрған адамның қолы немесе аяғы денесіне қатысты бастапқы орнын өзгертеді. Сол сияқты серіппе созылғанда не сығылғанда оның бөліктерінің орны салыстырмалы өзгереді. Мұндай жағдайда да дене қозғалыс жасады дейді, өйткені оның бір бөлігі екінші бөлігіне қарағанда орнын өзгертеді.

Жоғарыдағы мысалдардан мынадай маңызды тұжырым жасауға болады: механикалық қозғалыс деп дененің уақыт өтуіне қарай басқа денемен салыстырғанда орнының өзгеруін айтады.

Мнханикалық қозғалыс жүрілген жол, жылдамдық, уақыт физикалқ шамалармен сипатталады.



Жылдамдық, механикада – нүкте қозғалысының негізгі кинематикалық сипаттамаларының бірі:  = =dr/dt (мұндағы r – нүктенің радиус векторы, t – уақыт) теңдігімен анықталатын векторлық шама; физикалық шама өзгерісінін осы өзгеріс өткен уақыт аралығына қатынасымен анықталатын, осы айнымалы шаманың уақыт бойынша өзгеруінің лездігі

Жол және орын ауыстыру - Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады. Оны s әрпімен белгілеу келісілген.

Уақыт - оқиғаның ұзақтығы және тізбектілігін сипаттайтын физиканың негізгі түсініктерінің бірі.

2. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар-Алуан түрлі қозғалыстардың арасында дененің кез келген тең уақыт аралықтарында бірдей орын ауыстыратын қозғалысы да кездеседі.
Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе,ондай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады.
Мысалы,поезд темір жолдың ұзын тегіс бөлігінде бірқалыпты қозғалады; Бұл кезде доңғалактар рельстердің түйіскен жеріне соғылғанда шығатын дыбыс та бірдей уақыт аралықтарында естіледі. Сондай-ақ терезеден қарағанда километрлік (немесе телеграфтық) бағандар да бірдей уакыт аралықтарында тұсымыздан өтіп, артта қалып жатады. Сол сияқты моторы өзгеріссіз жұмыс істейтін автомобиль жолдың түзу бөлігінде, конькиші немесе жаяу жарысқа түскен спортшы жүгіру аралығының орта тұсында бірқалыпты козғала алады.
Бірқалыпты қозғалыстың мысалдарына жаңбыр тамшысының, парашюті ашылғаннан кейінгі парашютшінің козғалысын жатқызуға болады. Алайда бірқалыпты қозғалыс табиғатта өте сирек кездеседі.Қозғалыстың көпшілігі бірқалыпты болмайды. Мәселен, поезд орнынан қозғала бастағанда өзара тең уақыт аралықтарында барған сайын ұзынырақ жол жүреді. Ал келесі бекетке келіп тоқтар алдында, керісінше, өзара тең уақыт аралықтарында барған сайын кысқарак жол жүреді. Автомобиль мен конькиші де дәл сол сияқты өз қозғалысының бастапкы кезі мен соңында тең уақыт аралықтарында әр түрлі жол жүреді.
Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарды бақылау үшін мынадай тәжірибе жасауға болады. кішкентай арбашаның үстіне тамызғыш орнатылған. Тамызғыштан 1. 20 м/с жылдамдықпен бірқалыпты өзара тең уақыт аралығы өткен сайын су тамшылап тұрады. Арбаша қозғалғанда қағаз бетіне тамған тамшылардың ара қашықтыктары бірдей. Демек, арбаша бірдей уақыт аралығында ұзындықтары бірдей жол жүреді, яғни бірқалыпты козғалады.
Тамызғыштың шүмегін кеңірек ашып, тамшы жиі таматындай етіп, тәжірибені қайталайық. Бұл жағдайда да тамшылар бірдей кашықтықтарға түседі. Демек, өзара тең аз уақыт аралығында да арбаша ұзындығы бірдей жол жүреді, яғни ол бірқалыпты қозғалады.
Енді тәжірибе арқылы арбашаның бірқалыпты емес қозғалысын бакылайык. Бұл жағдайда бірдей уақыт аралығында тамған тамшылардың іздерінен арбашаның козғалысы бірқалыпты болмайтыны байқалады. Тамшылар бірдей уакыт аралығында тамады, бірақ арбаша қозғалғанда ол тамшылар іздерінің ара кашықтықтары бірдей емес. Демек, Бұл жағдайда арбаша бірқалыпты емес козғалады. Осы козғалыстардың салыстырмалы көрінісі

3. Жылдамдық, механикада – нүкте қозғалысының негізгі кинематикалық сипаттамаларының бірі:  = =dr/dt (мұндағы r – нүктенің радиус векторы, t – уақыт) теңдігімен анықталатын векторлық шама; физикалық шама өзгерісінін осы өзгеріс өткен уақыт аралығына қатынасымен анықталатын, осы айнымалы шаманың уақыт бойынша өзгеруінің лездігі.

4. Үдеу (Ускорение) — нүктенің жылдамдығының мәні мен бағытының өзгеруін сипаттайтын векторлық шама.{\displaystyle {\vec {a}}={d{\vec {v}} \over dt}}

5.

6.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет