Францияда 20-ұпайлық шкала бойынша оқиды, бірақ ең жоғарғы ұпай бұл жерде – 18 ұпай. Француздардың түсінігі бойынша 20 ұпайды тек Алла тағала жинай алса, 19 ұпайды мұғалім мырза жинай алады екен. 14-16 ұпай керемет нәтиже болып табылады. Француздік жақсы оқитын оқушылардың көпшілігі 10-нан 12-14 ұпайға дейін жинайды екен.
ШЕТЕЛДЕГІ ЗАМАНАУИ БАҒАЛАУ
Ұлыбританияда цифрлік бағалаудың орнына сөздік бағалау жүзеге асырылады. Бұл оқушының жұмысын толық және жан-жақты сипаттауға мүмкіндік береді.
Бағалау формасының үлгісі:
Оқушының аты-жөні. Оқу пәні. Толтыру күні. Сипатталып жатқан уақыт мерзімі (1, 4 немесе 12 апта). Пән бойынша оқушы үлгерімінің жалпы сипаттамасы – мұғалімнің жан-жақты пікірі.