Диагностикалық жұмысты тексеру нәтижесінде алынған баға сынып журналына қойылмайды.
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ
Қалыптастырушы (формативтік) бағалау – бұл баланың оқуын үздіксіз бақылау үдерісі. Қалыптастырушы бағалау бағасыз бағалау болып табылады, ол критерийлерге сәйкес бағалауға негізделеді және кері байланысты меңзейді.
Қалыптастырушы бағалау мақсаты – оқу үдерісінің барысында мұғалім мен оқушы қызметін түзету. Қалыптастырушы бағалау оқу нәтижесін жақсартуға бағытталған.
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ
Ұмытпа!
Қалыптастырушы бағалау нәтижесінде алынған баға сынып журналына қойылмайды! Баға (шартты белгі, штрихтер, т.б. түрінде) мұғалімнің жеке журналына қойылады.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІН БІЛУІ ЖӘНЕ ТҮСІНУІ
Критериалды бағалау - оқу бағдарламасындағы күтілетін нәтижелерге жету мақсатында оқушылардың білім алудағы жеке даму жолына түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін, оқушының оқу жетістігін алдын-ала нақты анықталған бағалау критерийлерімен сәйкестігін бағалау болып табылады.