Жапонияның бағалау жүйесі өте қызық. Мұнда 100-ұпайлық жүйе, бірақ оқушының білім деңгейі жеке бағаланбайды. Тоқсан соңында бүкіл сыныпқа білім сапасының жалпы пайызы мен үлгерімнің орта ұпайы шығарылады. Бірақ соңғы кезде мұндай бағалау шынайы емес деген көптеген пікірлер айтылуда, сондықтан жуырда жапондықтар бұл бағалау жүйесінен бас тартуы мүмкін.
БАҒАЛАУ
Бағалау (ағылш. – assessment →size (көлемін анықтау, көбінде салықтың) →sed/sit – отыру (соттың қасында ақпарат беріп көмектесу)– бұл оқыту нәтижесінде оқушылар нені біліп түсінді және осы білім-түсініктерін қалай қолдана алатынын терең түсіну үшін түрлі дерек көздерінен ақпаратты жинақтау және талдау үдерісі.