Өзіндік жұмыс № Антика философиясы 1 «Стоицизм және гедонизм олар туралы қазіргі заманғы түсініктерге сүйене отырып, эссе- негіздеме жазу»



бет6/9
Дата14.03.2022
өлшемі49,86 Kb.
#27886
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Космоцентризм деп қоршаган ортаны, табиғат қүбылыстарын, тіршілікті жасаушы дүлей, шексіз сыртқы күш - Ғарыш, барлық өзгерістер ғарыштық айналым арқылы жүзеге асады деп түсінетін философиялық көзқарасты айтады. Бұл көзқарас Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай басқа да Шығыс елдері және Ежелгі Грекия елдерінде дамыған.

Метафизика [гр. “Meta ta physіka” – “физикадан кейін” (Аристотельдің философиялық шығармасы осылай аталған)] –

  1. болмыстың сезімнен тыс тұрған принциптері туралы философиялық “ғылым”;

  2. дамуды тек сан өзгерістері жағынан ғана түсінетін және өзіндік дамуды теріске шығаратын, диалектикаға қарама-қарсы философиялық әдіс. 

Метафизика” терминін алғаш қолданған Аристотель. Сөзбе-сөз алғанда ол “физикадан кейін келетін” деген мағына береді. Аристотель оны “алғашқы философиядеп атады; ол барлық ғылымдар үшін міндетті нәрселердің өзгермейтін және сезім мүшелерімен емес, оймен ғана пайымдауға болатын ең жоғарғы бастамаларын зерттейді. Ортағасырлық философияда метафизика теологияның философиялық дәлелдемесі ретінде қызмет етті. Мұсылман әлемінің ойшылдары әл-Кинди, әл-Фараби, ибн Сина, т.б. Метафизика ұғымын Аристотельдің ілімімен байланыстырып дамытты. Шамамен 16 ғасырдан бастап “Метафизика” терминімен қатар сол мағынада “онтология” термині де қолданылды. Декарт, Лейбниц, Спиноза және 17 ғ-дағы басқа да ойшылдардың философиясында метафизика жаратылыстану және гуманитарлық білімдермен тығыз байланыста қолданылды. Бұл байланыс 18 ғ-да, әсіресе Х.Вольф секілді философтар тұсында бұзылды. 
Гегель метафизиканы диалектикаға қарсы ойлау тәсілі мағынасында 17 – 18 ғ-лардағы ғылымға, әсіресе философияға қатысты алғаш қолданды. Ғылым мен техниканың өріс алуына байланысты 20 ғасырда философиясында Метафизика жаңа идеяларды тудырды. Кибернетика мен генетиканың, ғылыми-техникалық ойдың жедел дамуы әсерінен метафизиканы “қатаң ғылым” ретінде қарастыру қалыптасты. Метафизика онтологияны алмастырып, оның маңызы теориялық және тәжірибелік зерденің мәнін ашуға бағытталды.

Диалектика (гр. διαλεκτική – пікірталас, әңгімелесу өнері) — табиғаттың, адамзат қоғамының және ойлаудың қозғалысы мен дамуынын жалпы зандылықтары туралы философиялық ғылым, бір қасиеттен екінші қасиетке секіріс түрінде ауысуына әкелетін ішкі қарама-қайшылықтарын және қарама-қарсылықтардың күресін ашу жолымен қоғам мен табиғаттың әрқашан қозғалыста болатын және өзгеріп отыратын құбылыстарын танудық ғылыми әдісі.[1]

Диалектика ұғымын ежелгі грек философы Сократ енгізді. Ол диалектиканы - диалог, әңгімелесу кезіндегі қарама-қарсы көзқарастардың қақтығысы арқылы ақиқатқа жетудің ерекше әдісі деп түсіндірді. Диалектиканың нағыз атасы Эфестен шыққан Герклит болған. Ол объективті антологиялық диалектиканы ойлап тапты. Гераклит үшін бұл диалектиканың ұйытқысы мен нәтижесі қарама-қарсылықтар күресі арқылы әрекет ететін әлемдік парасапы балама "Логос" болды





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет