Өзіндік жұмыс № Антика философиясы 1 «Стоицизм және гедонизм олар туралы қазіргі заманғы түсініктерге сүйене отырып, эссе- негіздеме жазу»



бет2/9
Дата14.03.2022
өлшемі49,86 Kb.
#27886
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Стоицизм

Жалпы түсінік

Стоицизм (грек stoa портик, ғыймарат: Афины портигі-(Бейпелістоидің) атынан шыққан стоиктердің филос мектебі) -- Эллин мемілекетімен Рим империясының гулденген дәуірінде адамның ішкі тәулсіздігі мен дербестігін философия тұрғыснан түсіндірмекші болған эллиндік және рим философиясындағы басты бағыттың бірі. Сондықтан С.ілімінде этика мәселесі негізгі орын алды. С.төрт кезеңен тұрады 1-кезең (б.з.б 3-2) 2-кезең (б.з.б 2-1 ғ.) Платон іліміне сүйенеді; 3-кезең (б.з 1-2 ғ.) Сократтың іліміне жандандыруға бағытталған кезең; (б.з -2 ғ .); -неоплатонизімнің даму кезеңі. С. философияны тұжырымдай келіп оны логикаға, физикаға, этикаға бөлді. Логикада олар танымның сезімдік теориясын дамытты. Кез келген ілім сезім арқылы қабылданып, адам ойының елегіне түседі.Содан барып жалпы ұғым мен пайымдау шығады. Дүниені тану процесі жан арқыл іске асады, ал жаның өзі ерекше дүние, ауа мен оттың қосындысы дейді. Бірақ С-нің өкілдері материя құдайға қарағанда дәрменсіз деп есептеді. С дүниенің бәрін қажеттіліке мәжбүр етіп, адамдарды тағдырдың өміріне бағындырды. C-нің идеалисттік этикасының негізгі-тағдыры мен сыртқы күшке бас иіп, өмір рахатынан бас тарту. Стоиктер сөз және сөйлеу мен ойлаудын бірлігі жайындағы ілімнің біртұтас жүйесін жасаған. Олардын ілімі жалпы философиялық тұжырымдарга негізделген, олардын пікірінше, сөз туралы ілім (логос) философияның біртұтас әлемдік парасатты күшін білдіреді, ол өмірдін материалдық және рухани жақтарын тұтас алып қарастырады. Логосқа жету үшін білім үш кұрамнан түруы керек: логика, физика, этика. "Логика" терминін логостын ішкі және сырткы жактары туралы ілімнін атауы ретінде бірінші рет стоиктер енгізген.


Логика өз ішінде диалектика мен риторикаға бөлінген. Диалектика — "дұрыс ойлау (пайымдау)" туралы ғылымриторика — "нақыштап сөйлей білу" туралы ілімнін таңбалық сипатына (таңбалаушы — танбаланушы) негізделген. Бірақ бұл ұғымдардын шекарасын нақты айыру қиын, себебі стоиктер сөз таптары туралы (сөздін формасы мен жасалу жолдары) ілімді "таңбалаушы", ал грамматикалык категориялар туралы ілімді "таңбаланушы" ретінде қарастырған. "Таңбалау" және "таңбалану" теориясын жасагандықтан, стоиктерді тілдін семиотикалық теориясынын негізін салған деуге болады.
Стоиктердін пікірінше, үш зат өзара байланысты: таңбалаушы, таңбаланушы және объект. Таңбалаушы — дыбыс. Үш заттын екеуінін дүниелік, заттық сипаты бар, ал біреуі сөзді, сөйлеуді білдіретіндіктен, заттық емес, онын шындықты білдіруі де, жалған болуы да мүмкін.
Стоиктер есім мен етістіктін біркатар грамматикалық категориялары туралы ілімді бастады, олардын кейбіреуі (мысалы, септік туралы) кейін еуропалық грамматикалық еңбектерге өзгеріссіз қабылданды. Аристотельден ауысып алған "септік" термині, стоиктердін түсіндіруінше, есімнін кез келген формасын білдіреді. Егістік шактарытуралы ілімінде көне грек етістіктерінің негізгі шақтық мағыналары мен формалары жіктеліп берілген.
Стоиктер еуропалык синтаксис дәстүрінін негізін калаған, "Синтаксис" терминін алғаш рет еңгізген. Логос туралы жалпы ілімнін шенберінде олар синтаксисті ең алдымен логика мец риторика тұрғысынан қарастырған. Олардын негізгісі — предикаттардын түріне, сөйлеу мақсатына қарап жасаған топ- тастырулар. Стоиктерде "баяндауыш", "предикат" терминдері осы күнгі мағыналарына жуық қалыптасқан. Стоиктер еуропалық тіл ғылымындағы құрмалас сөйлемдер теориясын жасады.
Сөз бен ол білдіретін зат арасында "табиғи" байланыс тұрғысынан карап, этимологияға көгі көңіл бөлді, бірақ олардын этимологиялық ізденістері көбінесе жалған болып шықты. Стоиктер ілімі Александриялық мектеппен тіл туралы көне Рим ғылымының қалыптасуына елеулі ықпал жасады

Гедонизм




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет