Өзіндік жұмыстардың тақырыптары: Ұсынылған тақырыптардың ішінен біреуін таңдап, тапсырманы орындаңыз және оны мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыста қолдануды негіздеу.
1. «Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы білім беру саясаты контекстіндегі инклюзивті білім беру мәселелері мен перспективалары» педагогикалық сағатын өткізу сценарийін әзірлеу.
2. «Мектепке дейінгі ұйымдардағы инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі» жылжымалы папкасының мазмұнын әзірлеу.
3. «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің шетелдік және қазақстандық трендтері» мектепке дейінгі ұйым педагогтері үшін слайд-презентация жасау.
4. «Мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің қатаң және жұмсақ көшбасшылығы» ақыл-ой картасын жасау.
5. «Стратегиялық менеджмент негізінде мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыстың мазмұны» жадынамасын әзірлеу.
6. 3-5 жылға арналған мектепке дейінгі ұйымды дамыту бағдарламасының құрылымын әзірлеу.
7. Мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің істер номенклатурасын жасау.
8. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің істер номенклатурасын жасау.
9. Мектепке дейінгі ұйым маманының істер номенклатурасын жасау (музыка жетекшісі, педагог-психолог, дене шынықтыру нұсқаушысы және т.б.) (таңдау бойынша).
10. Педагогикалық ұжыммен әдістемелік жұмыс жүргізу сценарийін әзірлеу (таңдау бойынша): педагогикалық кеңес, педагогикалық сағат, жас педагог мектебі, өзара сапарлар және ашық көріністер және т. б.)
11. Мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарымен/заңды өкілдерімен өзара әрекеттесуді құрудың графикалық моделін әзірлеу.
12. Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің біліктілік санатын беру/растау үшін аттестаттау рәсімін практикалық игеруі үшін іскерлік ойын сценарийін әзірлеу.
13. «Критериалды тәсіл негізінде мектепке дейінгі білім берудің оқу-тәрбие жұмысын бағалау қызметін жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасау ерекшеліктері» баяндамасын әзірлеу.
14. Педагогтің кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау үшін сауалнама / тест құралдарын таңдау