ашық түрде жарнамалайды. Бұл - біздің қазақы салтымыз бен мұсылмандық ұстанымымызға қарсы келетін, еш үлгі бермейтін әрекет. Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 3-тарау, 14-бабына көз жүгіртсек, елімізде ал коголь өнімдерін жарнамалауға 2004 жылғы 1 қаңтардан бас- тап тыйым салынған болатын. Сондай-ақ, темекі жэне темекі бұйымдарын жарнамалауға тыйым салынады. Мұнымен мәселе шешіліп кеткен жок. Бірақ, қазір көше бойы мен теледидардан бүрынғыдай спирттік ішімдік пен темекі өнімдеріне қатысты қаптаған жарнамалар легін байқамаймыз. Есесіне, кейбір ілі- ніп тұрған спирттік ішімдіктердің жарнамаларының тұсына «алкогольсіз» немесе «табиғи ауыз суы деп» жазып, жымиған қызыл киімді славян қызының бейнесімен қоса іліп қояды. Егер тағы сол Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңына сүйенетін болсақ, 7-баптың 14-тармақшасында жалған жарнамаға
80 Ж а қ сы лы қб а ева Р.С. Ж урналист этикасы
арналады. Яғни, жарнама берушінің өз жарнамасын ақылмен зер- делей отырып, жарнама тұтынушысын алдап, адастыратындай мақсатта пайдаланса, ол жарнама жалған болып есептеледі. Бұл жарнама катарына жатқызылмайды. Қазіргі қазақ жарнама тілінде өрескел қателер көп. Қазақ.жар- намасы көп ретте аударма арқылы жасалады. М іне, сондықтан да аудару кезінде қазақ тіл нормаларын сақтамау, сөз мағынасын емес сол өзге тілдегі сөздің нақты аудармасын жасау жарнама мэтінінің күлкі туғызардай дәрежеге жол ашады. Бірнеше аудармаларға на- зар аударайық. Строительные материалы - Құрылыс заттары.