P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


деген мағына береді. Шынында да, бұл хош иісті сусын жаныңызды



Pdf көрінісі
бет102/277
Дата29.12.2023
өлшемі7,74 Mb.
#144903
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   277
Байланысты:
Жаксылыкбаева Р.

деген мағына береді. Шынында да, бұл хош иісті сусын жаныңызды
сергітіп, көңіл-күйіңізді жақсартады (Белгілі бір маркалы кофенің
жарнамасы).
Журналист Кэмшат Тасболатованың «Айқын апта» газетіндегі
«Көзқарас» айдарында жарық көрген «Жынойнақтың ордасы
немесе Ресей прокуратурасының қаһарына ұшыраған «Дом-
2» Қазақстанда неге қадағаланбайды?» (18-қыркүйек, 2008)


Im apay.
Журналист этикасының табиғаты
79
атты мақаласында: «Елімізде сол баяғы ұлттық идеологияның
жоқтығынан отандық БАҚ-тар эфир уақытын толтыру үшін
Ресейдің қалған-қүтқан бағдарламаларын қазақ көрермендеріне
тықпалаумен келеді. Отандық БАҚ-тарда «нені көрсетуге болады,
нені көрсетуге болмайды» дегендей ортақ ұстаным жоқ. Содан
болар, елімізде шетелдік телеарналар көрсетілімінің ретрансля-
циясы 20 пайызға дейін қысқартылса да, 70 жыл бойы орыстың
телевидениесіне тәуелді болып келген кейбір арна басшылары
элі де «бұл тәуелділіктен» қол үзгісі жоқ», - деген шынайы пікір
білдіреді. Шынында да, ресейлік «Дом-2» бағдарламасындағы
жастардың іс-әрекеті біздің менталитетімізге сай келмейді. Релити-
шоуға қатысушы ұл-қыздардың аузынан шығатын былапыт сөздер
мен бір-бірімен жанжалдасып жататындары сорақы дүние екені
даусыз.
«Дом-2» бағдарламасы Қазақстан Республикасының «Жар-
нама туралы» заңын өрескел бұзуда. Аталмыш Заңның 13-бабы -
на сәйкес: «Темекі жэне темекі бұйымдарын, алкоголь өніміне,
темекі жэне темекі бұйымдарына сұраныс пен қызығушылықты
ынталандыруға бағытталған эртүрлі іс-шаралар, соның ішінде
ұтыстар, лотереялар ойнату нысанында жарнамалауға тыйым
салынады». Ал бұл бағдарламада неше түрлі темекіні шегіп,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет