сай екендігіне көз жеткізіп алуға тиіс. С ебебі, кей кездерде мұндай қағаздардың қолдан жасалып, теріс ақпарат беруі мүмкін. Екіншіден, журналист кұжаттардың қай түрін болмасын шыншылдыкпен, объективтілікпен, өңін айналдырмай пайдалануға тиіс. Кей уақытта журналистер құжат мәтініндегі абзацты толык емес, бір сөйлемін үзіп алып жариялайды, сол аркылы мәтіннің мазмүны өзгеріп кетеді. Бұл - этикаға жатпайтын нәрсе. Үшіншіден, журналист қүжаттарды өзінің ойын дэлелдеп шығу үшін немесе бір адамның өмір жолын баяндау, тарихи окиға- ларды елестету үшін пайдаланғанда міндетті түрде ақпарат көзіне сілтеме жасауға тиіс. Плагиат, журналистің кэсіптік этикасының Кодексінде көрсетілгендей, әдептілікті бұзу болып табылады. Осы талап тек журналистерге емес, басылымдарға да қойылады. Мы- салы, «Қазақстан жаршысы» газеті былай деп ескерткен: «Мате-
ІІІтарау. Журналистің кәсіби этика мәселелері ...
I l l риалдар көшіріп басылған жағдайда «Қазақстан жаршысынан» алынғандығы туралы сілтеме жасалуға тиіс». Төртіншіден, құжаттарды пайдаланып болған соң, оларды бүлдірмей, тоздырмай, тиісті уақытында өткізу керек. Сонымен қатар, қүжаттармен жұмыс істеу барысында оларды өз мақсатына пайдалануға, мазмұнын бұрмалауға жол берілмейді. Жеке адамның құжаттарын, мысалы, фотосуретті, хаттарды, естеліктерді жария ету үшін олардың иесімен алдын ала келісіп алған жөн. Газет бетінде оқырман хаттары да жарияланып жатады, кей- де бірнеше хат бір материалға біріктіріледі, сонда эрбір хатты тырнақшалар қою арқылы басқаларынан ажыратып басу керек. Журналист материал жазған кезде белгілі бір қүжаттың мәтіні,