«Абай тоқтаған қалпында бойын тез жиып, аттылардың алдын да жұмысы бар кісідей көлденеңдеп кеп, тосып тұрды. Аттылар мұның қозғалысын оқыс көрді ме немесе таныды ма, аттарын баяу бастыра бастап еді, жақындап, тұстас келді. Сол уақытта Абай үлкен ықылас білдіріп, айрықша тағзыммен төсін басып, қатты дауыстап: - Ассалаумағалайкүм! - деп сәлем берді. Абай көптен бері ешкімге бүйтіп сәлем беріп көрген жоқ. Қарқаралыға келгелі Бөжейдің көрінгені осы. Ш ешесінің жүрердегі сөз есіне түсті ме, болмаса қазіргі көңіл күйіне сай келді ме?.. Қалайша бүйтіп әдеп шығарғанын Абайдың өзі де байқамай қалған-ды. Өзге қазақтан бөлек, мына сияқты, бір алуан сыпайылыққа Бөжей оң назарын салды білем... атының басын тежей беріп: - У ағалайкүмәссәләм, балам!.. - деп тоқырай қалды (М . Әуезов, 2003. 112 б.). Тағы бір мысал: «Ендеше сізбен қалай араздасқанын мен өз әкемнен ғана біліп қойсам, мына Әділбек пен Асылбек ағам сізден ғана ұғынып қойса не болады? Анық шынға жете алмай, сыңаржақ кетеміз ғой. Бірден адасамыз. Екіншіден, бала мен бала, мына біздер, сырттан қырбай, сырттан шалғай кетісеміз ғой. Сіз маған, менің әкем бұл кісілерге айтып отырса таразының басы тең баспас па еді?
22 Жақсылықбаева Р.С. Журналист этикасы
Сүйіндік те, үй іші де Абайдың мына дәлелдерін дұрыс көрді (М. Әуезов, 2003. 143 б.). Демек, жазушы М. Әуезовтің «Абай жолы» романы арқылы сол дэуірдің өзіндік қайшылықтарымен біте қайнасып жататын адамгершілік қасиеттің ең жоғарғы саты- сын Абай бейнесі арқылы көре аламыз. Кезінде Сүйінбай ақын өлеңдерінде де дүние қуған пендешілікі,