Жамандау, даттау тағылымы асқан кісінің ісі емес. Ненің жақсы, ненің жаман екенін жете білмей тұрып, біреулерді нем есе белгілі бір құбылыстарды жамандау - адамның кісілік негіздерінің жетіспеушілігінің көрінісі. Қара жерді, қауым жұртты, білгендерді жамандауға тыйым салу, одан сақтандырып отыру - шешендік сөздің, билер сөзінің басты тағылымдық міндеттерінің бірі. Бидің дана сөзі кісіліктің көзі білімде жатқанын, адамдық биік қасиеттер біліммен, ақыл-ой байлығымен тығыз байланысты екендігін көр- сетеді. Қазақ халқының шешендік ойының, эсіресе, кісілік сала- сындағы эстетикалық көзқарастарының дамуына Бөлтірік шешеннің де еңбегі зор. Бөлтірік шешен - кісілік тағылым туралы ой толғаған өткен дәуірдегі қазақ шеш ендерінің ең ұлыларының бірі. Адамгершілік, кісілік оның шешендік өнерінің мағыналық өзегін қүрып қана қоймайды, оның дүниетанымының, өмір кұбылыстарын таныта түсетін бірден-бір асыл ізі болып табыла- ды. Бөлтірік шешен «Орынсыз болса сөзің жау тартады», «Бәрінен де сол дұрыс», «Саңылауы жоқпен сабақтас болма», «Жаның жеті жаманнан аман болсын», «Өнерің мен өнегең азбасын», «Балаға ақыл» жэне басқа да сөздерінде адамды жаман әдеттен сақтандырып, жақсы эдетке талпындырып сөйлейді. Мысалы, «Бірде Бөлтіріктен қасындағы жас өнерпаздар сұрапты дейді: - «Ақ ата, тәнің мен жаның бірдей сау болсын деген сөзіңіздің мәнісі не?» деп. Сонда Бөлтірік айтқан екен: - Тэні саудың бэрінің жаны сау бола бермейді. Тэн мен жанның саулығы бірдей болуы - кісі бойында сирек кездесетін байлык. Кісінің жанын аздыратын дерттің түрі көп: Күншілдік деген бар, содан сақтан,
Кекшілдік деген бар, содан сақтан,
Астамшылдық деген бар, одан алыс жүр,
Сарандық деген бар, одан калыс жүр,
Қараулық деген бар, одан таза бол,
Бәлекорлық деген бар, одан ада бол,
Ынсапсыздық деген бар, одан ада бол,
Жаның осы 7 жаманнан аман болсын.
(«Жолың жеті жаманнан аман болсын!») -