Кеңестік Социалистік Республикасының Конституция (негізгі заңы) дұрысында: 1926 жылғы еліміздің Ата заңының аталуы Қазақ автономиялық республикасының Конституциясы екен (Ақиқат. - 2005. - №6. 12 б. А. Оразова. Кеңестік дәуірдегі Ата заң). Қазақ елінің конституционализм тұғырының келесі белесі жерімізде өз автономиялык республикамыздың кұрылғаннан кейінгі (1920 жылғы 26 тамыздағы декрет) кезеңдеріндегі Қырғыз Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясын жасауға байланысты дайындық жұмыстардың жандануы. Осы кезде казіргі Қазақстан жэне оның тұрғылықты халқы қазақтар 1925 жылғы 19 сэуірге дейін Қырғыз Автономиялық Кеңестік Социалистік Респуб- ликасы жэне қырғыздар деп аталынды. Қазақ халқының тарихи дұрыс атын қалпына келтіру үшін 1925 жылғы 19 сәуірдегі ҚАКСР Кеңестердің V съезінде ендігі жерде «қырғыз» атауы «қазақ» ата-
44 Жақсылықбаева Р.С. Журналист этикасы
уымен алмастырылсын, - деген қаулы қабылданды. Іле-шала, 1925 жылғы 25 маусымда Бүкілресейлік ОАК-нің қаулысымен Қырғыз Автономиялық Кеңестік Социалистік республикасы Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік республикасы болып ата- лынды. Осыдан кейін 1926 жылдың 18 ақпанында Қазақ ОАК-нің V шакырылымында Қазақ КСР-і Конституциясының ақтық редак- циясы тыңдалып, қабылдансын, - деген қаулы шықты. Қаулыға Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясы (Негізгі заңы) тіркелген (Ақиқат. - 2005. - № 6. 16 б. А. Оразова. Кеңестік дәуірдегі Ата заң). Екінші Конституциямыз негізгі заң ретінде 1937 жылы жеңімпаз социализм конституциясы түрінде, үшіншісі 1978 жылы жетілген социализм конституциясы ретінде өмірге қайта жаңарып келді.