ры», - деуі де сондықтан. Алтын, күміс, гауһардың қымбат сана- луы, олардың аздығы тазалығы десек, қысқа, қоспасыз, ұғымды сөз де қадірлі болып табылады. Сөйлеудің касиеті - әдептілігі жэне эдемілігімен коса, сайып келгенде, жалған айту, өтірік сөйлеу кісілікке жатпайды. Сөйлеуге қатысты тағы бір әдептіліктің бір
ІІІт арау. Ж урналистің кәсіби этика мәселелері ...
83 түрі - орынды, эділ сөзге тоқтау. Сөз қадірін танып, мойындау дегеніміз ірілікті, кісілікті білдіреді. Өз заманында зағип ақын А хм ед Йүгінеки «Ақиқат сыйы» атты еңбегінде: «Әдептіліктің басы - аузын бағу». «Ойланып сөйлеген кісінің сөзі - сөздің асылы». «Адамгершілік кімде болса, соны ер деп есепте», «Қайырымсыз кісі жеміссіз ағаш сияқты», «Егер кісіден саған жақсылық келсе, еселеп қайтар. Ол адамның тілегін тіле», - деп аталы сөз айтса, Ассириялық Ахикар ұлына: «Үлым, егер сен: «Қайтсем ақылды болам?» - деп жүрегіңмен қиналсаң мынаны біл: «Аузыңнан жалған сөз шықпайтын болсын, қолыңды ұрлықтан тый, сонда ақыл кіреді», - деген өсиет мұрасын қалдырған екен. Осындай дана ойлардан кейін бүгінгі журналис- тер үшін ең бастысы, сөз эдебін сақтап, мәдениеттің биік сатысы- нан көрінгендері абзал дегіміз келеді. Өйткені, ана тілінде сөйлеу, оған деген көзқарас ең зор адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиелілік, эдептілік өлшемі болып табылады. Адамның жас кезінен дұрыс, сауатты сөйлеуге дағдылан- уы - ізгі қасиеттердің бірі. Мұсылман жұртшылығы бұған үлкен жауапкершілікпен қараған. Өйткені, қасиетті Құранда бұл тура- сында: «Расында да, сіздерді қорғаушылар бар. Мэртебелі жазу- шылар. Не істегендеріңізді бүкпесіз біліп тұрады», - деп («Инфи-