малары жайындағы ұлы өнеге болып табылады. Бірнеше мысал- дар келтірсек, Пайғамбарымыз (с.а.у) хадистерінде: «Нағыз таза жүрек адам ол - мінез-құлығы жақсы болған мүмін», - деген (Имам Нэуэуи, Хадистер жинағы (риядус-салихин). 2012. 271 б.). Әбу Дэрда (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.а.у): Қиямет күні мүміннің таразысында көркем мінезден де ауыр басатын ешнәрсе болмай- ды. Расында, Аллаһ тағала бейпілауыз дөрекіні жек көреді», - деп айтты», - деген (Хадистер жинағы. 2012. 272 б.). Сондай-ақ, «Кешірімді бол, жақсылыққа шақыр эрі надандардан теріс айнал (яғни, олардың қылығына жэне айтқан сөздеріне мэн берме)», - дейді (Хадистер жинағы. 2012. 274 б.). Ә деп - адамдар арасындағы күрделі өзара қарым-қатынастарды жарасымдылық, сыйымдылық, қолайлылық, жағымдылық, ұнам- дылық, бір сөзбен айтқанда, адамгершілік, имандылық тұрғыдан реттеудің шартты қағидалары болып табылады. Мысалы, «Төрт қасиет бар. Ол кімде болса, оған екі дүниенің де жақсылығы бұйырады. Ол: 1. Шүкіршілік еткен жүрек. 2. Зікір еткен тіл.
38 Ж а қ сы лы қ б а ева Р.С. Ж урналист этикасы
3. Бәлеге сабыр еткен жан. 4. Еріне, малына қиянат етпеген әйел» немесе «дэрежені көтеретін үш нәрсе: 1. Сэлемді ашық, дауыс- тап беру. 2. Аш адамға тамақ беру. 3. Тунде адамдар ұйықтап жатқанда намаз оқу» деген хадистерде пайдалы ілімдер ж үйесін байқауымызға болады. Адам баласының қоғамда бағалануы, ардақталуы адамгершілік қасиеттеріне байланысты. Ол айналасындағыларға қайырымды, адал болып, бүкіл қарым-қатынастарын адамдық түрғысынан реттейтін болса, қоғамдағы сыйлы бағасын да, орнын да иемденеді. «Әлбетте, Аллаһ Тағала сіздердің дене-бітім деріңізге, яки келбет-