заңы» өз дегеніне бағындырады. Өздерінің өмірдегі ауыр тауқыметіне риза болмағандар да, молшылықта өмір сүретіндер де тағдырға қарсы тұруға талпыныс жасайды, өйткені, адамның табиғаты - тойымсыз да, қанағатсыз. Заңдар өзінің жазылған не- м есе жазылмағандығымен ғана ерекшеленбейді. Оның айтуынша: «Жазылмаған кейбір заңдар жазылған заңдардан да қаталырақ». (Утченко С.Л., Древний Рим. События. Люди. Идеи. 1969. 63 б.). Адамдар жеке басының м үддесі үшін ғана емес, басқалар үшін де, қоғам мен мемлекет үшін де өмір сүруі тиіс. Бұл қағида туралы Сенека: «Өзі туралы ғана ойлап, барлық нәрседен өз пайдасын іздейтін адам бақытты бола алмайды. Өзің үш ін өмір сүргің келсе, өзгелер үшін де өмір сүр», - деген тұжырым жасайды. Адамның ақыл-ойы мен адамгершілігін жан-жақты жетіл- діруді жэне оған міндетті түрде сүйенуді уағыздаған Эпиктет байлық пен қүлдықты терең сынға алды. Аристотельдің «Өзіңе үнамағанды басқаға істеме» деген канатты сөзін серік еткен ол: «Күл болу өзіңе үнамаса, басқаны құлға айналдырма. Егер кұлдың қызметінсіз ешнәрсе істей алмасаң, онда ең алдымен, өзінді күл есебіне жатқыз», - деген тұжырым жасайды. Мүсылман кұқығы рулық-тайпалық құрылыстың ыдырау және Араб халифатында VII-X ғасырларда феодалдық коғамның калыптасу кезеңінде пайда болды. Мұсылмандық кұқыктың дінмен байланысы өзінің түбегейлі тұжырымдамасы мен теориялық қайнар көзі негізінде басқа құқыктық нормалардан өзгешелігімен ерекшеленеді. Мүсылман кұкығы заң ғылымының жеке саласы емес, ол - ислам ілімінің бір ғана саласы. М үнда ислам дінінін қағидалары шариғат адамдардың м үддесі үшін ж үзеге асуы тиіс міндетті идея ретінде көрсетілген. Шариғатты орындамаған жағдайда адам заң бұзушы болып табылады. Демек, «Этиканың