жасайды. Борыш - бақыттың өзін емес, оның «қадір-қасиетін» жа- сайтын себеп. Кант: «Ізгілік пен бақыт бірігіп, бір жеке тұлғаның барлық жоғары игілікке ие болуын құрайды», - деп атап өтеді (К антИ ., 1964, 441 б.). Аристотель этикасына Цицерон моральдық (moralis) деген анықтама береді. Бұл сөз латыннан аударғанда мінез-құлық, сэн, салт-дэстүр дегенді білдіреді. Яғни, Цицеронның моральдык фи- лософиясы Аристотельдің этикасымен дэлме-дәл сэйкес келеді. Сонымен, IV ғ. б.з.д. латын тілінде болған «moralitas» «мораль» термині гректің «этика» сөзімен бірдей мағынада қолданылады екен (Гусейнов А .А ., Апресян Р.Г., 1999. 9-10 б.). Мораль мен адамгершілік ұғымдары уақыт өте келе көп өзгерістерге ұшырады. М әселен, Гегель моральды адамгершілік іс-әрекеті тұрғысында қарастырса (С.9, Гусейнов А .А ., Апресян