болмайды, - дейді. Ақыл мен адамгершілік, қайырымдылық өзара табиғи түрде байланысып жатқан құбылыстар екенін түсіндіреді. М эселен, Әл-Фараби «Бақыт жолын сілтеу» трактатында: «Бақыт - эрбір адам ұмтылатын мақсат, өйткені, ол белгісіз бір жетілу б о лып табылады. Мүны тусіндіріп жату артық сөзді керек етпейді, өйткені, бұл - мейлінше белгілі нәрсе», - дей келіп: «Игіліктердің ішінде бақыт ең үлкен игілік екендігі жэне қалаулы заттардың ішінде адам талпынатын ең жетілген мақсат екендігі айқын», - деп атап көрсетеді (Әл-Фараби, Әлеуметтік-этикалық трактаттар. 1975. 3 б.). Бақытқа жетуге бастайтын жолға айрықша назар аудара отырып, Әл-Фараби адамның табиғи қабілеті өздігінше жақсы қылықты да, жаман қылықты да істеуге бірдей мүмкіндік беретіндігін, осыдан