келіп бақытқа жету мен мінез-құлықтың жетілуі арасында бай- ланыс туатындығын: «Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып. екеуі біріккенде бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Адамның белгілі бір мінез-кұлыққа ие болуына нем есе жакын жүғысудың арқасында бір мінез-құлықтан басқа мінез-құлыкка ауысуына себепш і болатын нәрсе эдет болады», - дейді (11-12 бб, Әл-Фараби, 1975). Демек, адам өзінің мінез-құлқын жетілдіре түсу үшін, ең алдымен, өзіне-өзі мейлінше адал болуы тиіс. Сонда ғана адам өз бойындағы ізгілікті қасиеттерді барынша жетілдіре түсуге мүмкіндік алады. Ал, әдеттену жаксы мінез-құлықка жеткізетін эрекет болып табылады. Адам жаратылысының жақсылыққа не жамандыкка бейім болып тумайтындығын айта келіп, ғұлама: «Үстамдылыкты жақсы қүлық деп есептейді, ал үстамды болу үшін, шамадан тыс