Мемлекеттік тілдің беделін эрбір азаматтың өмірлік қажетіне айналатындай, қазақстандық патриотизмнің құрамды бөлігі бола- тындай деңгейге көтеру қажет. Мемлекеттік тілдің - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында: а) мемлекеттік орган- дарда іс жүргізуге мемлекеттік тілді енгізу; э) бұкаралық ақпарат кұралдарында қазақ тілінде берілген хабарлардың көлемін 50 пай- ыздан асыру; б) білім, мәдениет жэне халыққа қызмет көрсету сала- ларында қазақ тілінің қолданылуын қамтамасыз ету мәселелеріне бағытталатын болуы керек. Тіл - барлық мәдениеттің негізі, іргетасы. Ана тіліне иек артпаған ұлттық мэдениет мэдениет болып жарытпайды. Ана тілінде әдебиет оқымаса, ана тілінде хат-хабар жаза алмаса, ең ба- стысы, ана тілінде ойлай алмаса, ол баланың ауызекі тілін тілдік