мақала, очерк немесе фельетон т.б. жазу үшін алады. Күн тэртібіне қойылған өмірдің өзі ұсынып отырған қоғамдық мәні бар мәселе жөнінде журналист белгілі бір адамның ой-пікірін біледі немесе сол мәселе жөнінде онымен сөйлеседі. Осыларды әдеби өңдеп, қорытып жазады. Міне, осы талаптарға сай жазылған материал ха бар жанрының бір түрі сұхбат болып табылады. Қазіргі кезде сұхбат ең жиі берілетін тиімді де ықпалды жанрға айналып отыр. БАҚ қызметі негізінен ақпараттық сипат алса, бұл тұрғыдан сұхбаттың атқаратын рөлі зор. Сұхбатқа профессор Т.С. Амандосов: «Күн тэртібінде өмірдің өзі ұсынып отырған қоғамдық маңызы бар мәселе жөнінде журналист белгілі бір адамның ой-пікірін біледі, немесе сол мәселе жөнінде одан түсініктеме алады, онымен сөйлеседі, осыларды өңдеп, қорытып