адамға, ұжымдық деректерге жүгінеді. Жұртшылық журналистер- ге өздері жэне жақын-жолдастары туралы ешқандай мэлімет беру- ге міндетті емес. Оларды сөйлету үшін бұйымтайыңды салмақты себептермен жеткізіп, көндіруің керек болады. Егер адамдар ма териал жинауда қарсылық тудырса, оларды қызмет бабын пайда- ланып, қорқытып-үркітудің қажеті жоқ. Керісінше, айтып отырған дәлелдеріне құлақ асу керек. Мүмкін жүртшылық назарына шығармайтын құпиялардың болуы не айтқаны келмейтін келеңсіз жайлардың болуы әбден мүмкін. Сондықтан, түсіністікпен қарап, кейіпкерді асықтырмай, керісінше, оның сеніміне кіріп алуға ты- рысу керек. Журналист сұхбат алу үшін қоғам, мемлекет қайраткерлеріне, Қазақстанға келген шетел азаматтарына, өнер қайраткерлеріне жолығуы мүмкін. Бұл адамдармен әңгімелескенде қалың бұқара-